Добавить новость
103news.com
World News
Август
2025

ҚР Конституциясына 30 жыл: Ербол Қарашөкеев салтанатты жиынға қатысты

0

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған мерекелік жиында құттықтау сөз сөйледі.

Әуелі Мемлекеттік Ту мен Конституция сахна төріне салтанатты түрде шығарылды. Бұдан соң жиналған жұрт Әнұранды әуелете шырқап, мерекенің маңызын айшықтай түсті.

– Биыл – тарихи мәні зор ерекше жыл. Тәуелсіздігіміздің тірегі, тұрақтылығымыздың кепілі болған басты құқықтық құжат – Конституциямызға 30 жыл толып отыр. Ата Заң еліміздің тұтастығы мен бейбіт өмірінің, өркендеуі мен даму жолының берік негізіне айналды.

Конституция – бірлігіміз бен тұрақтылығымыздың, әділет пен заң үстемдігінің айқын көрінісі. Өткен отыз жылда халқымыз осы құндылықтарға сүйене отырып, талай жетістіктерге қол жеткізді, жаңа даму кезеңіне қадам басты.

Алдағы уақытта да Конституцияда бекітілген қағидаттарды берік ұстанып, Әділетті Қазақстанды бірге құратынымызға сенемін. Әрбір азамат Ата Заңды ардақтап, Мемлекет басшысының «Адал азамат» қағидасына сай елге адал қызмет етуі тиіс, – деді облыс әкімі.

Ербол Қарашөкеев көпшілікке аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы қысқаша баяндады.
Жыл басынан бері өңірге 345,1 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл көрсеткішті 826,2 млрд теңгеге жеткізу жоспарланып отыр.

28 136 азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды.
366,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 2 030 пәтерлік 44 үй қолданысқа тапсырылып, қосымша 1 415 пәтер сатып алынбақ.

Өңірде биыл ауқымды жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда ұзындығы 17,7 шақырымды құрайтын көше жолдары, 5 көпір мен жол өткелінің құрылысы қарқын алуда. Бұған қоса, 8 шақырым жол қайта жаңғыртылып, 444,6 шақырым жол орташа жөндеуден өтуде.

Облыс орталығы – Тараз қаласында да бірқатар жобалар іске асырылуда. Мұнда 34,4 шақырымды қамтитын 95 көше, бұрылыс, тұйық және өткел орташа жөндеуден өтеді. Сондай-ақ 34,6 шақырым жолға шағал тас төсеу және жалпы ұзындығы 35,3 шақырымды құрайтын 12 жаяу жүргінші жолын орташа жөндеу жоспарланған.

Атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде өңірдегі жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 99,5 пайызға дейін артады деп күтілуде.

Облыста білім беру инфрақұрылымын дамытуға да басымдық берілуде. Қазіргі таңда 26 білім беру нысанының құрылысы жүруде. Оның ішінде биылғы жылдың соңына дейін 10 мектеп пен 5 мектептің жапсарлас ғимараты пайдалануға берілмек. Ал келер жылы 11 нысан балалардың игілігіне тапсырылады деп жоспарлануда.

Биыл «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Қордай ауданында екі, Тараз қаласында бір жаңа мектеп пайдалануға беріледі.

Бұл күні Конституцияның 30 жылдығына орай өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан жамбылдықтардың еңбегі еленді.

Атап айтқанда, бірқатар азаматқа ҚР Президентінің жоғары наградалары – «Құрмет» ордені, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені және «Ерен еңбегі үшін» медалі табысталды. Сонымен қатар облыс әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісі, Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттары берілді.

Шара соңында көрермен жүрегіне отансүйгіштік сезім ұялатқан мазмұнды концерттік бағдарлама ұсынылды.

Сообщение ҚР Конституциясына 30 жыл: Ербол Қарашөкеев салтанатты жиынға қатысты появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России