Добавить новость
103news.com
World News
Август
2025

Алматыда кептелісті азайту үшін қашықтан жұмыс пен сабақ уақытын өзгерту ұсынылды

0

Алматыда әлі де кептелістердің шешімін іздеп жатыр. Бұл жолы ұсынысты мәслихат депутаттары айтты: ЖОО студенттерін сабаққа ертерек жіберуді, мектеп оқушыларын автобусқа отырғызуды, ал кеңсе қызметкерлерінің бір бөлігін қашықтан жұмысқа көшіруді ұсынды. Бастама авторларының ойынша, бұл шаралар таңғы қарбалас уақытында жол кептелісін азайтып, тіпті қаладағы ауаны жақсарта алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Не ұсынылады?
Негізгі назар университеттерде. Екі ауысымда оқитын студенттер үшін сабақ уақытын өзгерту ұсынылды: бірінші ауысымды таңғы 7:30-да, екінші ауысымды 10:00-де немесе тіпті 11:00-де бастау. Осылайша, көлік ағыны біркелкі бөлінеді деп күтіледі.
Жекеменшік мектептерге автобус жалдауға кеңес беріледі. Бұл ата-аналардың әр таң сайын балаларын жеке көлікпен апарып, мектеп жанында кептеліс тудыруын азайтады. Нәтижесінде қала көшелерінде артық көлік қозғалысы азаяды.
Банктер, ҮЕҰ, нотариалдық кеңселер және басқа да жеке ұйым қызметкерлері үшін депутаттар икемді жұмыс режимін ұсынады: мүмкіндігінше ішінара қашықтан жұмысқа ауысу.
Неге бұл маңызды?
Алматы — өңірдегі ең жүктелген мегаполистердің бірі. Депутаттардың айтуынша, кептелістер қала тұрғындарының уақыты мен жүйкесін ғана емес, ауа сапасына да әсер етеді. Бұл өз кезегінде тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіреді.

"Колледждер мен жоғары оқу орындарындағы сабақ басталу уақытын кейінге шегеру, мемлекеттік органдардың жұмыс кестесін өзгерту таңғы уақытта көлік қозғалысын азайтып, оны дұрыс бөлуге мүмкіндік береді. Бұл, түптеп келгенде, жол жүктемесін азайтып, қалалық инфрақұрылымның жалпы тиімділігін арттырады", – деді мәслихат депутаты Қарашаш Жүзеева Almaty.tv-ге берген сұхбатында.

Ал Астанада ше?
Елордада да кептеліс мәселесі өткір тұр. Маусымда қала әкімі Жеңіс Қасымбек мемлекеттік органдар мен коммуналдық қызметтердің жұмыс уақытын өзгерту мәселесін қарастырып жатқанын айтты. Оның пікірінше, жұмыс күнін ертерек бастау көлік ағындарын азайтады.
Мәжіліс депутаты Асылбек Нұралин де бұл бастаманы қолдап, премьер-министрге жолдаған сауалында орталық органдар мен ұлттық компаниялардың жұмыс уақытын 07:00 немесе 08:00-ге көшіруді ұсынды.
Еңбек министрлігі жаңа режимді сынап көріп, 08:00-ден 17:30-ға дейін жұмыс істей бастаған. Қызметкерлердің айтуынша, жұмысқа жету жеңілдеп, кешкі уақытта отбасыға көбірек уақыт бөлінген.
Алда не күтіп тұр?
Қазір бұл тек ұсыныстар мен пилоттық жобалар деңгейінде. Бірақ Алматы мен Астана билігі жол кептелісін әдеттегі кестелерді өзгертпей және жаңа шешімдер қабылдамай шешу мүмкін емес екенін мойындайды. Енді мәселе - қандай шараларды бірінші болып енгізетіні және тұрғындардың оған қалай қарайтынында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России