Төртінші көк сөз (Лайық бол)
Жақсы құрмет сұрама, құрметтейтіндей іс жаса! Еш себепсіз, сен де біреуге, сауап үшін болмаса, шын құрмет көрсетпейсің, ал ол саған неге құрмет көрсетуі керек?
Жақсы көр деп жалын ба! Жақсы көре алатындай қыл! Бәріміз арманымыздағы жарды қалаймыз, ал сенің арманыңдағы жар қандай адамды қалайды? Енді шынайы жауап берейік. Қызыңды өзіңдей жігітке сеніп тапсырар ма едің? Немесе ұлыңды сендей қызды алуға рұқсат берер ме едің? Бір күні мен гүлге көп су құйып өлтіріп алғанмын. Адамның жаны да, гүл сияқты өте көркем! Жалпы өмірде көп нәрсе, орташа болуы керек, не көп емес, не аз да емес, әйтпесе ол нәрсе бітеді де, басқаларында...
