Он төртінші көк сөз (Тіл)
Иманды болу сөзбен оңай, іспен қиын,
Бәтіктеніп бос сөз айтпай, іспен сыйын,
Он күнәнің тоғызы тілден деген,
Тілді тый, мінезді дұрыста, құранменен!
Баста Алла Тағала адамдардың барлығын дүние есінін ашқаннан бастап, күнәсіз пәк күйінде жаратты, өсе келе мол сауапты іс жасады. Алайда ғайбатшыл надан тіл адамның адамдық дәрежесін төмендете білді. Ақидасын да адамның мінезін, түрін, жан дүниесін өзгертеді. Ол түпкі-түбінде тағдырына айналатыны сөзсіз де рас! Сондықтан неге тілге кісен салмай, оны һәуас пен риямен өз екі өміріңізді талқандауға мүмкіндік бересіз?
Кейде сөйлегеннен гөрі, үндемей қалған артығырақ! Өзіміздің білетін сөздеріміздің түп мағынасын да түсінбейміз, себебі: оны еліктеп қана сөйлеуді үйренеміз, еді...
