Саған ашудағы адамды бөлудің қажеті жоқ, жай ғана тыңдау керек өйткені ашудағы адам сен туралы бар шындықты айтады. Иә, соңында сеннен кешірім сұрайды, алайда ол сен туралы шындықты айтқанын білесің ғой. Шындықты айтқаны үшін ашуланудың қажеті жоқ. Адам көбінесе шындыққа емес өтірікке сенеді себебі: өтірік сенуге лайықты. Жалған елес ғұмыр құрдымға сүйрейді, ал шындықты солайымен қабылдап, жақсы жаққа өзгерту керек. Жаман естелік, құлаған бастамалар мен істер, өткендегі қателіктерің үшін налымай, тәжірибе ретінде көріп, одан әрмен мықты болып, сол қателікті жібермеуге тырысу керек. Себебі: қате деген түсінік жоқ, бәрі тәжірибе ғана, сол арқылы келесі қадам жасарда дұрыс басуға көмектеседі, ал жетістік...