Қала күні: Алматы көшелерінің тазалығы қалай қамтамасыз етіледі?
Тазалық жұмысы қалай ұйымдастырылған?Қаланың санитарлық тазалығына жауапты "Алматы Тазалық" мекемесі тәулік бойы жұмыс істейді.
Бірінші ауысым: 08:00–17:00
Екінші ауысым: 19:00–06:00
Әр аумаққа 20–25 адамнан құралған бригада бекітіледі. Бірі көше сыпырады, екіншісі арнайы техникамен жол мен тротуарды жуады, үшіншісі ағаштарды кесіп, жасыл желекті реттейді.
Жастарға мүмкіндік
"Алматы Тазалық" бос жұмыс орындарын ұсынып отыр. Әсіресе студенттер үшін ыңғайлы: 4 сағат қысқартылған жұмыс күні қарастырылған. Бұл - қосымша табыс тауып, оқуын қатар алып жүруге мүмкіндік.
Байланыс телефоны: +7 (702) 809 97 01Мекенжай: Алматы қ., Көкмайса мкр., 26Е
