Добавить новость
103news.com
World News
Октябрь
2025

Ақтөбелік футболшылар букмекерлік кеңсеге миллиондап ақша тіккен

0

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Қазақстандағы футбол матчтеріндегі келісілген ойындарға қатысты мәселені көтеріп, құқық қорғау органдарын тергеу жүргізуге шақырған еді. Бас прокуратура бұзушылық деректері барын мойындады. Спортшылар тыйымға қарамастан матчтерге ақша тіккен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандағы жағдай
Депутаттың айтуынша, халықаралық Sportradar деректеріне сәйкес, 2022 жылы Қазақстан әлем бойынша келісілген матчтер саны бойынша төртінші орынға шыққан.

"Бұл Қазақстан футболында әділетсіз ойындардың кең таралғанын және ресми түрде мойындалғанын көрсетеді. Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров мәселенің бар екенін мойындағанымен, оны жүйелі шешу бойынша нақты шаралар қабылданбады. Қоғамдық ұйымдар мен БАҚ букмекерлік кеңселердің көптеген матчтарды желіден алып тастағанын тіркеп отыр", – деді Құспан.

Ол мұндай бұзушылықтар квазимемлекеттік секторда да кездесетінін, бақылаудың әлсіздігі миллиондаған қаржылай алаяқтыққа әкелетінін қосып айтты.

"Бұл азаматтардың сенімін төмендетеді және елдің экономикалық тұрақтылығына қауіп төндіреді", - деді Кұспан.

Бас прокуратура тексерісінің нәтижесі қандай?
Бас прокуратураның ресми жауабында Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) мен футбол клубтарында келсілген матчтер мен ойыншылардың ақша тіккені туралы деректері расталған.

"Мысалы, Ақтөбеде тоғыз футболшы жалпы 110 миллион теңге сомасына ақша тіккен", - делінген ведомство жауабында.

2025 жылғы сәуірде прокуратура ҚФФ-ға ұсыныс енгізген, содан кейін Федерация бұзушылықтарды жоюға арналған "жол картасын" бекітті. Құжатқа аудит, қаржы және этика комитеттерін құру, қаржы бақылауын күшейту сияқты 33 шара кірді.
Тексеруден кейін ҚФФ-дан әкімшілік аппараттың басшысы, атқарушы директор, құқықтық, операциялық және маркетинг департаменттерінің директорлары, сондай-ақ қауіпсіздік және интегрити қызметінің бастығы қызметінен босатылды. Бірнеше басқа басшылар лауазымынан төмендетілді.
Sportradar деректеріне сәйкес, 2022 жылы күмәнді матчтер саны бойынша Қазақстанды тек үш мемлекет ғана басып озған. Германия, Италия, Қытай және Оңтүстік Корея сияқты елдерде мұндай қылмыстар үшін футболшылар мен шенеуніктер қамауға алынған. алған.
Айта кетейік, Қазақстан футболындағы дауысы жасалған матчтар мәселесі бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді.
Мысалы, 2023 жылы Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов жарыстар нәтижелерін манипуляциялау бұрыннан қолданыста екенін айтып, ІІМ базасында дауысы жасалған матчтарды тергеуге мамандандырылған бөлімше құруды ұсынған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России