Добавить новость
103news.com
World News
Октябрь
2025

Қазақстанда күн күрт суытады

0

Синоптиктер 7 қазан, сейсенбіде Қазақстанда ауа райы бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет деректеріне сәйкес, бұл күні ел аумағында негізінен құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік және шығыс өңірлердің кей жерлерінде түнде және таңертең тұман мен үсік болуы мүмкін, ал оңтүстікте жылы әрі құрғақ ауа райы сақталады.

Қалалар бойынша болжам:

Астана – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан соғады: түнде 3–8, күндіз 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде 0…–2, күндіз +10…+12.

Алматы – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Температура түнде –1…–3, күндіз +14…+16.

Шымкент – аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 5–10 м/с. Температура түнде +6…+8, күндіз +23…+25.

Ақтөбе – аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Температура түнде 0…+2, күндіз +16…+18.

Ақтау – ашық, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Температура түнде +11…+13, күндіз +22…+24.

Атырау – ашық, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан: түнде 1–6, күндіз 6–11 м/с. Температура түнде +7…+9, күндіз +20…+22.

Жезқазған – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 7–12 м/с. Температура түнде –1…+1, күндіз +13…+15.

Қарағанды – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстіктен және солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Температура түнде –1…–3, күндіз +8…+10.

Көкшетау – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел шығыстан: түнде 2–7, күндіз 5–10 м/с. Температура түнде –1…+1, күндіз +7…+9.

Қонаев – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Температура түнде –1…–3, күндіз +13…+15.

Қостанай – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыс және солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Температура түнде –2…0, күндіз +12…+14.

Қызылорда – аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз құмды дауыл болуы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с дейін. Температура түнде +3…+5, күндіз +17…+19.

Павлодар – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстіктен 7–12 м/с. Температура түнде 0…+2, күндіз +4…+6.

Петропавл – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Температура түнде +1…+3, күндіз +8…+10.

Семей – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 3–8 м/с. Температура түнде –2…–4, күндіз +6…+8.

Талдықорған – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 5–10 м/с. Температура түнде –3…–5, күндіз +15…+17.

Тараз – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Температура түнде 0…+2, топырақ бетінде –2° дейін үсік, күндіз +15…+17.

Түркістан – аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 5–10 м/с. Температура түнде +5…+7, күндіз +23…+25.

Орал – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 7–12 м/с. Температура түнде +7…+9, күндіз +19…+21.

Өскемен – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 2–7 м/с. Температура түнде –2…–4, күндіз +6…+8.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России