Добавить новость
103news.com
World News
Октябрь
2025

Алдағы үш жылда Қазақстанда зейнетақы қандай болады?

0

2026 жылдан 2028 жылға дейін Қазақстанда зейнетақы мөлшері өседі. Бұл туралы республикалық бюджет туралы заң жобасында жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 2026 жылға республикалық бюджеттен 6,8 триллион теңге бөлінеді. Оның 6,7 триллионы зейнетақы мен жәрдемақыларды төлеуге жұмсалады, делінген заң жобасында.
Зейнетақы мөлшері қандай болады?Құжатқа сәйкес, Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері:

2026 жылы – 103 687 теңге,2027 жылы – 108 940 теңге,2028 жылы – 113 995 теңге болады.

Анықтама: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі дерегінше, 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша орташа жиынтық зейнетақы 143 097 теңге. Оның ішінде 95 491 теңге – ынтымақты бөлігі, 47 606 теңге – базалық бөлігі.2026 жылы базалық зейнетақының орташа мөлшері 54 082 теңге болады. 2027 жылы ол 4 мың теңгеге өсіп, 58 276 теңгеге, ал 2028 жылы 61 527 теңгеге тең болмақ.

Жоспарға сәйкес, 2026-2028 жылдарды қоса алғанда, ең төменгі базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызын құрауы тиіс. Ең жоғары зейнетақы мөлшері 2026 жылы 118 пайыз, 2027 және 2028 жылдары 120 пайыз болмақ.

Бүгінде ең төменгі базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы – 32 360 теңге, ал ең жоғары базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 110 пайызы – 50 851 теңге.2025 жылғы 1 қыркүйектегі мәлімет бойынша, Қазақстанда 2 миллион 503 мың зейнеткер бар.Әлеуметтік салаға арналған жалпы бюджет
Зейнетақы мен жәрдемақыларды төлеуге арналған бюджет жыл сайын ұлғайып отырады:

2026 жылы – 6,7 триллион теңге,2027 жылы – 7,4 триллион теңге,2028 жылы – 8 триллион теңге болады.

Министрлік қаражаты тағы қайда жұмсалады?2026 жылы әлеуметтік төлемдер таратылғаннан кейін министрлікте шамамен 51 миллиард теңге қалады. Бұл қаражат келесі бағыттарға жұмсалмақ:

12 миллиард теңге – еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы саясатты әзірлеу мен іске асыруға;10 миллиард теңге – аппаратты ұстау мен әкімшілік шығындарға;13 миллиард теңге – халыққа көмек көрсету мен әлеуметтік қолдау жүйесін дамытуға;11 миллиард теңге – әлеуметтік нысандар құрылысына арналған мақсатты трансферттерге (өңірлік бюджеттерге).

Қалған 5 миллиард теңге есту қабілеті бұзылған балаларды бейімдеуге, әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіруге, әлеуметтік ұйымдардың күрделі шығындарына және басқа да мақсаттарға бағытталатыны айтылған.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России