Тәуелсіздік биік шыңымыз
Тәуелсіздік – биік шыңымыз
Қазақстан Республикасы – Орталық Азияда орналасқан тәуелсіз егемен мемлекет. Қазақстан халқы өзінің қайраты және жігерімен бүгінгі таңда жоғары беделге ие болып отырған мемлекет екендігі барша елге аян.
Еліміздің 1991 жылы 16 желтоқсанда мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заңы қабылданды. Тарихқа көз жүгіртсек, оған жету үшін ата-бабаларымыз қаншама ауыр зұлмат жылдарын басынан өткеріп, аштықтың, небір қанды соғыстардың құрбаны болған. Тәуелсіздік – тәңірдің бізге берген үлкен сыйы.
Тәуелсіздік – біздің ең басты игілігіміз және баға жетпес құндылығымыз. Тәуелсіздікті алу жолында желтоқсан оқиғасының алар орны ерекше , себебі бұл оқиға қазақтың көзін ашып рухын оятты. 1986 жылы 17 желтоқсан күні...
