10 тілді меңгерген қазақ полиглоты
Бір халықтың тілін білу - сол ұлттың жанын тану.Ал он тілді меңгерген жан қандай кең дүниенің иесі болар еді? Осындай ерекше дарын иесі қазақтың біртуар ғалымы - Құдайберген Жұбанов болатын.Өкінішке қарай,бүгінгі жастардың көбі бұл ұлы тұлға туралы біле бермейді.
Жұбанов бала кезінен-ақ білімге құмар болды.Оның ой-өрісі тек қазақ даласымен шектелмеді.Ол парсы,араб,неміс,түрік,моңғол,грузин,чуваш,коми,орыс және тағы басқа да түрік тілдерін білген (өзінің анкеталық деректеріндегі жазбалары бойынша).Мұндай білім мен қабілет - ХХ ғасырдың басындағы қазақ баласы үшін ерлік.
Ол қазақ лингвистикасының алғашқы іргетасын қалаған ғалым.Қазақ грамматикасына арналған тұңғыш оқулықтарды жазып,мектептер мен жоғары оқу орындарына енгізді.1932 жылы қазақ филологиясы саласында тұңғыш профессор атағын алғаны да...
