Добавить новость
103news.com
World News
Октябрь
2025

Бағанашылдағы дау: қызметінен босатылған шенеунік жаңа лауазымға тағайындалды

0

"Бағанашыл" балалар үйінің тәрбиеленушілерін көшіруге қатысты даудан кейін қызметінен кеткен Салтанат Беспаева Алматы облысы әкімдігінде жаңа лауазымға тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, бұған дейін Білім басқармасының басшысы болған Салтанат Беспаева Алматы облысының Тілдерді дамыту басқармасының басшысы қызметіне тағайындалған.
Салтанат Беспаеваның өмірбаяны
Салтанат Беспаева 1975 жылы туған. 1999 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын (экономика және менеджмент мамандығы бойынша), ал 2002 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін (қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша) бітірген.
Еңбек жолын Ыбырай Алтынсарин атындағы мектепте қазақ тілі пәнінің мұғалімі болып бастаған. Кейін ұйымдастырушы-педагог, директордың орынбасары және Мұхтар Әуезов атындағы мектептің директоры қызметтерін атқарған.
Одан кейін Еңбекшіқазақ ауданының білім және мәдениет бөлімдерін, Алматы облысының білім басқармасын және Іле ауданының білім бөлімін басқарған.
20 қазаннан бастап Беспаева Алматы облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы қызметіне кірісті.
Бұған дейін не болды?
2025 жылы наурызда №1 облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері мекеме Алматыдан Қонаев қаласына көшіріліп жатқанына шағымданды. Олардың үндеуі әлеуметтік желілерде пайда болды.

Кейінірек Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Алматы қаласындағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездескен болатын.

"Біздің мақсатымыз - балалар өзін қауіпсіз сезініп, жан-жақты дамуы үшін қолайлы орта қалыптастыру. №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері Алматыда қалады, ал жаңадан келетін балалар Қонаев қаласындағы заманауи кешенге орналастырылады", - деді бұған дейін өңір әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Алайда Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек әлеуметтік желіде Алматы облысы Білім басқармасының 2025 жылғы 10 шілдедегі "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдаудың облыстық орталығы" КММ-нің орналасқан жерін өзгерту туралы" бұйрығын жариялады.
Кейінірек Алматы облысы әкімдігі мәлімдеме жасады. Әкімдік мәліметінше, мекеме Қонаевқа көшіріле бастаған, себебі мекеме орналасқан ғимарат апат жағдайында тұр.
Артынша "Бағанашыл" балалар үйін Президент әкімшілігінен келген комиссия тексерді.
Кейін үш шенеунік қызметінен айырылды. Соның бірі Салтанат Беспаева болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России