Добавить новость
103news.com
World News
Октябрь
2025

Бір клиникада тағы бір трагедия: Астанада әйелдің өлімінен кейін іс қозғалды

0

Астанадағы жекеменшік клиникада 59 жастағы әйел мұрын қалқасын түзету бойынша жасатқан отадан кейін қайтыс болды. Полиция қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Не болған?
Ақтаудың 59 жастағы тұрғыны 2025 жылғы 3 маусымда септоринопластика бойынша жоспарлы операциядан кейін қайтыс болған.
Марқұмның ұлының айтуынша, операцияны бұған дейін 22 жастағы қызға риносептопластика жасаған сол дәрігер жүргізген. Бұған дейін ол қыз алты айлық комаға түскені айтылған еді.
Полиция пікірі
Алматы аудандық Полиция басқармасы Tengrinews.kz тілшісіне әйелдің өлімі дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды", - деп қосты полиция.

Өз кезегінде марқұмның ұлы істің Қылмыстық кодекстің 317-бабы 3-бөлігі бойынша тергеліп жатқанын нақтылады.
Аталған баптың санкциясы:

төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу;төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру;сондай-ақ үш жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруды көздейді.

Денсаулық сақтау министрлігі пікірі
Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінде 2025 жылғы 10–16 шілде аралығында жеке клиникаға жоспардан тыс тексеру жүргізілгені хабарланды.3 маусымда операция өткізілген кезде клиниканың медициналық қызмет көрсетуге лицензиясы болмаған. Клиника мемлекеттік лицензияны тек 2025 жылғы 17 маусымда, яғни науқас қайтыс болғаннан кейін ғана алған.

"Пациентке сапасыз медициналық көмек көрсету дерегі бойынша өтініш лицензия берілгеннен кейін, 2025 жылғы 3 шілдеде департаментке түсті. Осылайша, департамент пациенттің өлімі туралы өтініш түскенге дейін хабардар болмаған", - делінген хабарламада.

Кейін департамент 2025 жылғы 28 тамызда "Medina Plastic Surgery" ЖШС-нің лицензиясының күшін жойды.
Еске салайық, бұған дейін Астанадағы жеке клиникада риносептопластикадан кейін алты ай комада жатқан 22 жастағы қыз туралы жазғанбыз. Медициналық қызметті тиісінше көрсетпеу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России