Добавить новость
103news.com
World News
Октябрь
2025

Таразда республикалық театр фестивалі басталды

0

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев А. Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының 90 жылдығы мен Қазақстанның халық артисі, көрнекті театр қайраткері Асқар Тоқпановтың 110 жылдығына арналған республикалық театр фестивалінің ашылу салтанатына қатысты.

Өңір басшысы театр ұжымын айтулы мерейлі мерекемен құттықтап, мәдениет пен өнердің қоғамдағы рөлін ерекше атап өтті.

– Жамбыл театрының өзіндік мектебі қалыптасып, жаңа режиссуралық ізденістермен, тың қойылымдармен толығып келеді.

90 жылдық тарихы бар қасиетті қара шаңырақтың ұжымына рухани құндылықтарымызды дәріптеудегі еңбектері үшін шынайы алғыс білдіремін.

Барша театр қызметкерлеріне зор шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер мен шабыт тілеймін!

Театрдың бүгінгі атауы да – қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби режиссер, ұстаз, профессор, Қазақстанның халық артисі Асқар Тоқпановтың есімін иеленуі – үлкен мақтаныш.

Сондықтан мәдени мұрамызды дәріптеу және дара тұлға есімін ұлықтау мақсатында өткізіліп отырған театрдың 90 жылдығы мен Асқар Тоқпановтың 110 жылдық мерейтойына арналған республикалық театр фестивалі құтты болсын!

Фестивальға қатысушы барлық театр ұжымдарына сәттілік пен шабыт тілеймін! , – деді облыс әкімі.

Қазақ театр өнерінің ардагері, КСРО халық артисі Асанәлі Әшімов және Қазақстанның халық артисі, көрнекті актер Тұңғышбай Жаманқұлов мерейтойлық шараның мәні мен маңызына тоқталып, өздерінің құттықтауларын жеткізді.

Шара барысында бірқатар театр актерлары мен сала ардагерлері өңірдің мәдениет саласына қосқан үлесі үшін марапатталды.

Фестиваль аясында еліміздің өңірлерінен келген Атырау  облыстық Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры, Р.Сейітметов атындағы Түркістан  сазды драма театры, А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры, Қ.Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры, Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры, С.Қожамқұлов атындағы Ұлытау театр ұжымдары өз қойылымдарын ұсынып, үздік туындыларымен сахна төрінде бақ сынайды.

Мерекелік шара барысында көрме ұйымдастырылып, А. Тоқпановтың шығармашылық мұрасы мен өмір жолы дәріптеледі.

Фестиваль үш күнге жалғасып, үздік қойылымдар мен актерлер арнайы номинациялар бойынша марапатталмақ.

Сообщение Таразда республикалық театр фестивалі басталды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России