Добавить новость
103news.com
World News
Октябрь
2025

“Курьерге өз есіміңді жазба“: Жалғыз тұратын қыздарға арналған кеңестер

0

Өз алдына бөлек шығу — еркіндікке бастар қуанышты қадам. Алайда тәуелсіздікпен бірге қауіпсіздікке деген жауапкершілік те келеді.  Massaget.kz жазуынша, әлеуметтік желі қолданушылары жалғыз тұрып жатқан қыздарға арналған қарапайым әрі пайдалы қауіпсіздік кеңестерімен бөлісті.

Threads желісіндегі бір жазба 100 мыңнан аса қаралым мен 300-ге жуық пікір жинаған. Қыз-келіншектер өз өмірінен алынған, уақытпен тексерілген лайфхактарын ортаға салған.

«Қыздар, бір-бірімізге көмектесейік. Жалғыз тұрып жатқан қыздардың қауіпсіздігі үшін маңызды кеңестермен осы жазбаның астында бөлісейік. Мысалы, үйге кірген бетте жарықты бірден жақпаңыз», – деп ұсынды жазба авторы.

Үй қауіпсіздігі

Үйге кіре сала жарықты жақпаңыз – бұл үйіңіздің қайсы терезе екенін аңдып жүрген адамға белгі болуы мүмкін. Үйде біреу бардай әсер қалдыру үшін кіреберісте әрдайым әлсіз жарықты қосып қойыңыз. Есігіңізге сырттан ашылмайтын екінші құлып орнатып, түнде кілтті құлыпта қалдырыңыз. «Қауіпсіздік жүйесімен қорғалған!» деген секілді жапсырмалар жабыстырып қойыңыз – бұл пиғылы жаман адамдарды қорқытады. Мүмкін болса, бірінші қабаттан пәтер алмауға тырысыңыз – ол жерге кіру оңай.

Жеке қауіпсіздік

Ит асыраңыз – аздап үрудің өзі бөгде адамды үркітуге жеткілікті. Өзіңізбен бірге бұрыш баллоншасын алып жүріңіз және оны қалай қолдану керегін біліп алыңыз. Кіреберіске кірерде құлаққапты шешіп, маңайыңызды тыңдаңыз. Егер біреу сізді аңдып келе жатқандай көрінсе, бірден үйге кірмеңіз – жақын маңдағы дәріханаға, кафе немесе дүкенге кіріңіз не біреуге қоңырау шалыңыз. Қауіп төнгендей сезінсеңіз, телефонынмен қаттырақ дауыстап: «Алло, мен үйдің жанында тұрмын, шықшы қарсы ал!» деп айтыңыз. Ер адамның есімін атаған жақсы.

Онлайн тапсырыс пен жеткізу

Жеткізу қызметіне әйел адамның есімін жазбаңыз – ер адамның атын көрсетіңіз. Егер мүмкін болса, «есіктің алдына қалдырыңыз» деген белгіні қойыңыз, бөтен адамдарға есік ашпаңыз. Терезеден көрінетін пейзаж, үйіңіздің көшесі немесе геолокациямен сторис салмаңыз. Жеткізу қызметі немесе жөндеу шебері келетін болса, үйдің кіреберісіне үлкен ер адамға арналған тәпішке қойып қойыңыз – бұл үйде ер адамның бар екенін көрсетеді.

Қыздар сондай-ақ ең жақсы «қауіпсіздік жүйесі» — көрші екенін еске салады. Көршілер бірдеңе байқап қалса немесе дауыс естісе, шұғыл әрекет етуі мүмкін. Сол себепті олармен жеке танысып, жылы қарым-қатынас орнатуға кеңес береді. Бір күні демалыс күндері печенье не бәліш пісіріп, көршіңізге сәлемдесіп барып шығыңыз.

Сообщение “Курьерге өз есіміңді жазба“: Жалғыз тұратын қыздарға арналған кеңестер появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России