Добавить новость
103news.com
World News
Октябрь
2025

Ит асырау бала денсаулығына қалай әсер етеді? Зерттеу жарияланды

0

Торонто балалар ауруханасының ғалымдары баланың денсаулығы үшін ит асыраудың маңызын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Доктор Питерге" сілтеме жасап. 
Олардың айтуынша, үй жануары қауіпті аурулардың алдын алып, тыныс алу жүйесін нығайтады. 
Көп жағдайда балалар күшікті асырағысы келеді, ал ата-аналар жауапкершілік ауыр болады деп келісе бермейді. Алайда Торонто балалар ауруханасының ғалымдары жүргізген зерттеу ата-аналарға ой салатын жаңа дәлел ұсынды.
Зерттеу қалай өтті?
Ғалымдар 1050 нәрестенің үш-төрт айлығында үйінен шаң үлгілерін алып, оларды бес жасқа дейін бақылады.
Нәтижесінде 6,6 пайыз балада астма анықталды. Бірақ итпен ерте байланыста болған бүлдіршіндерде ауру қаупі 48 пайыз төмен екені белгілі болды. Себебі иттің сілекейі мен тері бездерінде болатын Can f1 аллергені ағзаға ерекше әсер етеді.
Сондай-ақ үйінде ит асыраған балалардың өкпе жұмысы жақсырақ болған. Ғалымдар жүргізген тыныс тестінде олардың терең тыныстан соң ауаны көбірек шығара алатыны байқалған.

"Бұл құбылыстың себебін әлі толық білмейміз. Бірақ адамның ит аллергеніне сезімталдығы артқан сәтте астма белгілері күшейетіні анық", – деді зерттеудің авторы дәрігер Джейкоб Маккой Амстердамда өткен Еуропалық респираторлық қоғамның конгресінде.

Мамандардың айтуынша, ит аллергендері балаларға белгілі бір деңгейде қорғаныс береді. Дегенмен бұл байланысты нақтылау үшін қосымша зерттеулер қажет.
Айта кетейік, бұрын астмасы бар баласы бар отбасыларға үй жануарын ұстамауға кеңес берілетін.

"Астманың неден пайда болатынын, оны қалай алдын алуға болатынын және егер пайда болса, қалай дұрыс емдеу керегін әлі толық түсінбей отырмыз", – деді Asthma and Lung UK ұйымының бас директоры Сара Слит.

Батыс Аустралия университетінің зерттеушілері ит асыраудың тағы бір артықшылығын анықтады: үйге ит келгеннен кейін балалар көбірек қимылдай бастайды. Әсіресе қыздар белсендірек болып шыққан. Ал белсенді қозғалыс – кез келген жаста денсаулықтың кепілі.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России