Ташкент метросындағы пранк: қазақстандық блогер полицияға жеткізілді
Алматы Полиция департаменті мәліметінше, А. есімді блогер Өзбекстан метросында өз іс-әрекетін видеоға түсіріп, жолаушыларға әдейі тиіскен және сол жазбаны жеке парақшаларында жариялаған.
"Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін оған қатысты әкімшілік іс қозғалды. Іс шешім шығару үшін сотқа жіберілді. Ол бұған дейін де осындай әрекеттерге жол берген, сол кезде профилактикалық әңгіме жүргізілген болатын. Алайда ол қорытынды шығармағаны байқалады", - деді Алматы ПД өкілі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Алматы қаласының ПД (@almaty_police_department)
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
