Добавить новость
103news.com
World News
Октябрь
2025

Қазақстанда тұмау мен “гонконг тұмауының“ маусымы басталды

0

Қазақстанда маусымдық А тұмауының бірнеше жағдайы тіркелді. Оны басқаша "гонконг тұмауы" деп атайды. Санитар-дәрігерлер алдын алу шараларын күшейтіп жатыр, ал сала мамандары вакцина салдырып, иммунитетті күшейтуге кеңес береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жетінші арнаға" сілтеме жасап.
Эпидемиялық маусым басталғалы бері Қазақстанда А тұмауының зертханада расталған үш жағдайы тіркелді. Халық арасында ол "жаңа гонконг тұмауы" деген атпен белгілі. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мамандары бұл вирустың жылдам тарайтынын айтады. Белгілері – жоғары температура, құрғақ жөтел, әлсіздік пен бас ауруы. Мұның бәрі тұмау жұқтырғаннан кейін 1-2 күн ішінде байқалуы мүмкін. Басты қорғаныс шараларының бірі – вакцина. Елде 2 миллионнан астам доза дәрі сатып алынған. Кез келген адам екпе ала алады.

"Халықтың ең осал топтарын қорғау мақсатында МӘМС аясында бірыңғай дистрибьютор арқылы 2 миллион 100 мың доза "Гриппо плюс" вакцинасы мемлекеттік бюджет есебінен сатып алынды. Тұмауға қарсы екпе динамикалық бақылауда тұрған балаларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ медицина қызметкерлеріне салынады", - деді ДСМ басқарма басшысы Айгүл Катренова.

Әйтсе де, елде жұқпалы респираторлы вирустық инфекция көрсеткіші төмендеген. Соңғы аптада 142,5 мың жағдай тіркелген, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13%-ға аз. Дәрігерлердің айтуынша, гонконг тұмауы – жаңа вирус емес, маусымдық тұмаудың бұрыннан белгілі бір түрі. Дегенмен, ол халықтың әлсіз топтары үшін қауіпті саналады.

"Қауіп тобына балалар, жүкті әйелдер және қант диабеті, жүрек-қан тамырлары, тыныс алу жолдарының аурулары бар адамдар кіреді. Мұндай кезде профилактика жүргізу өте маңызды", - дейді қалалық СЭС басқармасның басшысы Әсел Битаева.

Дұрыс тамақтану және салауатты өмір салты мамандарының айтуынша, екпе аурудан қорғайтын жалғыз амал емес. Адам өз денсаулығын күтіп, иммунитетін күшейтсе, соның өзі үлкен рөл атқарады.

"Біріншіден, ұйқы мен демалыс маңызды. Ұйқының жетіспеуі мен үнемі шаршап жүру иммунитетті әлсіретеді, ешқандай дәрумен мұны өтей алмайды. Екіншіден, дұрыс тамақтану маңызды. Ағзаға жеткілікті мөлшерде ақуыз түсуі керек. Үшіншіден, жылы әрі ылғалды орта қажет. Құрғақ ауа тыныс жолдарының шырышты қабатын құрғатып жібереді, ал ол суық тию мен вирустан қорғайтын алғашқы қалқан. Үйді жиі желдетіп, шөп шайын ішіп жүру иммунитетті күшейтуге көмектеседі", - дейді нутрицолог Гаухар Байгелова.

А тұмауына қатысты жағдай қазір дәрігерлердің жіті бақылауында. Тіркелген жағдай көп емес, бірақ босаңсуға болмайды. Алдымыз қыс, суық күндер келе жатыр, демек эпидемиялық маусым әлі алда.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России