Добавить новость
103news.com
World News
Октябрь
2025

Брюсселдегі “Дәрет сындырып тұрған балаға“ тағы да шапан жабылды

0

Брюсселдегі әйгілі Manneken Pis (дәрет сындырып тұрған бала - еск.) мүсініне тағы да қазақтың шапаны жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Бельгиядағы елшілігіне сілтеме жасап.
Елшілік мәліметінше, іс-шара Брюссельдің тарихи орталығында өтіп, Қазақстан мен Бельгия арасындағы достықтың, мәдени ынтымақтастықтың нышанына айналды.

"Бүгінгі оқиға Қазақстан мен Бельгия арасындағы өзара құрмет пен мәдени диалогты дамытуға негізделген берік әріптестік байланыстарды көрсетеді. Біз қазақ халқының дәстүрлерін Еуропаның жүрегі – Еуропалық одақтың астанасы Брюссельде паш етуге қуаныштымыз", - деді Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі елшісі Роман Василенко.

Анықтама: Манекен-Пис (нидерланд тілінен аударғанда "сумен шаюшы/еңкейіп дәрет сындырған бала") - Брюссельдің орталығындағы шағын қола фонтан-мүсін, қаланың ең танымал әрі сүйікті нышандарының бірі. Ең алғашқы деректер XV ғасырға тиесілі, алғашында оны ауызсу фонтаны ретінде пайдаланылған. Қазіргі қола нұсқасын мүсінші Жером Дюкенуа 1619 жылы жасаған. Тарихында мүсін бірнеше рет ұрланып, бүлінген, сондықтан түпнұсқа бүгінде Брюссель қаласының музейінде сақтаулы, алаңда тұрғаны - көшірме. Манекен-Пистің шығу тегі туралы бірнеше аңыз бар. Ең кең тараған нұсқа бойынша, Брюссель қоршауы кезінде Юлианске атты кішкентай бала жанған білте-фитілді зәрімен өшіріп, қаланы жарылыстан құтқарып қалған.
Мүсінді түрлі киімдерге ауыстыру - Манекен-Писке қатысты ең ерекше дәстүрдің бірі. Ол апта ішінде бірнеше рет арнайы кесте бойынша "киіндіріледі". Костюмдерді шетелдік делегациялар, жергілікті ұйымдар мен қайырымдылық қорлары сыйға тартады.
Айта кетейік, қазақтың шапаны Манекен-Писке бұған дейін де жабылған. Мәселен, 2021 жылғы жазда Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Астана күні қарсаңына орай мүсін шапанмен безендірілген еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России