Добавить новость
103news.com
World News
Октябрь
2025

Ақтаудағы жарылыс: дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын айтты

0
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы Ақтауда көпқабатты үйдің жертөлесінде газ жарылысынан зардап шеккендердің жағдайы туралы толығырақ ақпарат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Не болған?
28 қазанда сағат 9:03-те Маңғыстау облысы ТЖД-ға "Әсия" тұрғын үй кешенінің жертөле бөлмесінде газ-ауа қоспасы жарылғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына 11 құтқарушы және 4 техника шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, бес адам зардап шеккен: үшеуі ересек және екеуі 10 және 15 жастағы балалар. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілген.
Денсаулық сақтау басқармасы пікірі
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, жарылыс туралы хабар түскеннен кейін оқиға орнына жедел жәрдем және Төтенше медицина орталығының мамандары барған.

"Бес адам зардап шеккен. Барлығына қажетті медициналық көмек көрсетілді. Екі адам ауруханаға жатқызылды, үшеуі тексеруден кейін амбулаториялық емдеуге жіберілді. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты", – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.













Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Цензура Актау (@cenzura_aktau)


Алайда жергілікті БАҚ мәліметінше, зардап шеккендердің бірі 52 жастағы ер адам 3-АБ дәрежелі күйік алып (денесінің 55 пайызына дейін), жансақтау бөлімінде жатыр.

"Оның беті, мойны, кеудесі, екі қолы, екі аяғы және арқасы 3-АБ дәрежесінде, 50–55 пайызы күйген", – деп жазады Lada.kz.

Сондай-ақ, облыстық балалар ауруханасына үш бала жеткізілгені айтылды. 15 жастағы қыз көміртек тотығымен улану диагнозымен ауруханаға жатқызылған, оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланды. 10 жастағы қызға да дәл осындай диагноз қойылған, бірақ анасы оны ауруханаға жатқызудан бас тартқан. 7 жастағы ұлды дәрігерлер тексеріп, үйіне жіберген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!






Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России