Ерте жүктілік және оның алдын алу шаралары
Қазақстанда кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік 13–19 жас шамасында жиі кездеседі. Статистика бойынша алғашқы жыныстық қатынас жасы — орта есеппен 16,5 жас. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жасөспірім қыздардың босану дерегі бойынша Қазақстан 180 елдің ішінде 29-орында тұр. 2024 жылы елде 1 800 жасөспірім жүкті болған. Оның ішінде 200-ге жуығы түсік жасатқан. Бұл бойынша 218 қылмыстық іс тіркелген («16 жасқа толмағандармен жыныстық қатынасқа немесе басқа да сипаттағы әрекеттер» бойынша). Маңғыстау мен Жамбыл облыстарында коэффициент 35-тен, ал Түркістан облысында 30-дан жоғары.
БҰҰ дерегінше, Қазақстандағы әрбір алтыншы жүктілік абортпен аяқталады. Ерте жүктіліктің 70 пайызы жасанды түсікпен, 15 пайызы өздігінен...
