Добавить новость
103news.com
World News
Октябрь
2025

Діни ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

0

2025 жылдың қазан айы бойы «Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі облыс көлемінде дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Діни басқарманың мұндағы мақсаты түрлі ортада деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастыра отыра заңға бағыну, зайырлылық, толеранттылық, сындарлы диалог, өз халқына және еліне қызмет ету, адамгепршілік, бірлік, өз мәдениеті мен тарихын құрметтеу, еңбексүйгіштік, сыни ойлау, білімге құштарлық, деструктивті діни, террористік және діни-экстремистік әрекеттерге қатысудың зияндылығы мен заңсыздығына сенімділік, отбасылық құндылықтарды жеткізу сынды қасиеттердің орнығуына ықпал ету еді.

Дін тұрғысындағы сауаттылықты арттыруға арналған жиындар қазіргі кезде облысымыздың орталығы мен он ауданнында дөңгелек үстел, кездесу секілді түрлі форматтарда өткізілуде.

Іс-шараларға негізінен мемлекеттік, құқық қорғау және әскери органдардың қызметкерлері, еңбек ұжымдары, жоғары және арнайы орта оқу орындарының студенттері, мектеп оқушылары, діндар азаматтар мен мешіт жамағаты, түрлі этнос өкілдері, спортшылар, ауыл және шалғай елді-мекен тұрғындары, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен сауда қызметкерлері, жұмыссыз азаматтар мен халықтың маргиналды бөлігі, бақылау қызметінде тіркеуде тұрған азаматтар, сотталғандар және т.б. арнайы нысаналы топтар тартылды.

Ақпараттық-түсіндіру шараларын өткізу үшін дін саласындағы сарапшылар пулы құрамының ішінен алты қызметкер арнайы қатысып, тыңдаушыларға дәріс оқыды. Олардың қатарында Ясауитану ғылыми-зерттеу институтының директоры, философия ғылымдарының PhD докторы Бауыржан Сайфунов, дін саласындағы республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Ясауитану ғылыми орталығының аға ғылыми қызметкері, PhD доктор Бауыржан Ботақараев, қаламыздағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернаты КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Базарбай Дүйсенбаев,  дінтанушы, РАТТ мүшесі, Түркістан облысы бойынша «Ақниет» оңалту орталығының теолог кеңесшіс Икрам Айтаев, РАТТ мүшесі, Шымкент қаласы бойынша «Ақниет» оңалту орталығының теолог консультанты Исмайл Абулхайров және Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы, дінтанушы-теолог, РАТТ мүшесі Жалғас Жорабек бар.

Дәріскерлер діни тұрғыдан аймақтағы ағайынға  айқын ақпарат беруде қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуды басты назарға ұстап, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың қауіптілігі туралы өңір тұрғындарын ақпараттандыруды көздейді.

Сообщение Діни ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России