Добавить новость
103news.com
World News
Октябрь
2025

Депутат өрескел пранк жасайтын блогерлерді жазалауды ұсынды

0

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев пранк жасаймын деп қоғамдық тәртіпті бұзатындар көбейіп кеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нартай Аралбайұлы кейінгі кезде болған бірнеше оқиғаны атады:

"Астанада блогер достарымен бірге лифттің ішіне "жалған мәйіт" кіргізіп, кейін жарықты өшіреді. Сол сәтте мәйіт кейпіндегі адам қозғала бастайды. Жеделсатының ішінде болғандардың жан даусы шықты. Елорданың тағы бір тұрғыны жеделсатыға тапаншамен кіріп, адамдарға кезеп, жұрттың зәре-құтын алды. Алматыда блогерлер аула сыпырушыларға қоқыс лақтырып, мазақ етіп бейнежазба түсіріп таратты. Мұндай мысал мың", - деді ол.

Депутат Қытайда, Өзбекстанда пранк түсірген блогер туралы да айтты.

"Ол ол ма, біздің блогер-сымақтар шетелге барып абыройды айрандай төгіп жүр. Мәселен, қазақстандық блогер Аружан Айбекова Қытайда "ұрлық жасап жатқандай" ролик түсірген. Арты үлкен шу болып, ақыры әлгі қыз жергілікті полицияға шақырылды. Түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бірақ ол түсінді ме? Өйткені дәл осы блогер арада аз уақыт өткенде Ташкент метросында жігіттердің қолынан ұстап тиіскені туралы бейнежазба тағы тарады. "Ойыннан да омыртқа сынатынын" білмейтін мұндай блогер-сымақтарды қатаң жауапқа тартатын кез келді. Себебі бұл - адамның жеке өміріне қол сұғу, қоғамдық тәртіпті бұзу", - деді ол.

Нартай Сәрсенғалиев желіде тарап жатқан тағы бір пранкты сынады.

"Қазір пранк деген парықсыз әрекеттің тағы бір түрі пайда болды. Ол жасанды интеллектімен жасалады. Бірінде мемлекет басшыларының, лауазымды тұлғалардың қандай да бір дүкенге сауда жасауға келгені бейнеленген. Цифрлық технологияны білмейтін адамның санасы сан саққа жүгіреді, сеніп қалады. Маркетинг үшін деп жасанды интелект арқылы мұндай жасандылыққа жүгінуді тоқтату керек. Тағы бір пранкте балалар ата-аналарына "танымайтын адам үйге келіп тұр, не істейміз?" деп, жасанды интеллект арқылы беймәлім адам үйге кіріп кеткен, пәтерді аралып жүрген суреттерін жібереді. Зәресі ұшқан ата-ана полицияға телефон шалады, жұмысын тастап үйіне барады. Ақырында бұл пранк деп бала-шаға бейқам отырады. Дәл сол уақытта полиция шын мұқтаж адамға көмекке баруға үлгермей қалуы мүмкін, оны интернеттің инесіне отырғандар ұқпайды", - деді ол.

Осы орайда депутат мұндайларды заң бойынша жазалап, тіпті қауіпті пранк жасағандардың парақшаларын бұғаттауды ұсынды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России