Жүрекке жазылған күзгі хикая
Жүрекке жазылған күзгі хикая
Күздің салқын самалы есіп тұр. Терезеге тамшылаған жаңбыр әр тамшысы өз әнін шертетіндей, нәзік симфония болып құлап жатыр. Ауада жапырақтардың ылғал иісі мен жаңбырдың салқын тынысы араласып, жүрегімді дірілдетеді. Мен 11-сыныпты жаңа бітіріп, қалада шаштараз болып жұмыс жасап жүргенмін. Ауылдан алыс болғым келді, тәлім мен тәжірибе жинау, қала тынысын сезіну, бойдақтық еркіндігі. Ауылда да жұмыс істеуге болар еді, бірақ мен Үйден, Ауылдан алыс болғым келді. Сол күні жұмыстан кеш шықтым. Әдетте сағат 5-те аяқталатын жұмыс, сол күні түнгі 9-ға дейін созылды. Клиенттер үздіксіз келді, кейбірі тіпті басқа қаладан. Денем шаршаған, тек жылы төсекте демалып, әлемді ұмытып...
