Добавить новость
103news.com
World News
Октябрь
2025

Аналар кеңесі Қордайлық жастармен кездесті

0

Жамбыл облысы ҚХА “Достық керуені” 30 қазан күні Қордай ауданына ат басын бұрды. “Қоғамдық келісім” мекемесі ұйымдастырған керуен жұмысы барысында ҚХА аймақтық Аналар кеңесі қордайлық студенттермен кездесті.
Шарада өңірлік ассамблея Аналар кеңесінің төрайымы Эльмира Мырза-Ғали, облыстық ҚХА Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Сара Даузова, сондай-ақ Қордай аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Қарлығаш Қанатбекқызы, жергілікті құқық қорғау органдарының өкілдері мен жастар жетекшілері болды.
“Қордай” гуманитарлық-экономикалық колледжінде өткен кездесуде студенттермен TEDx форматында ашық сұхбат өрбіді. Жастармен пікір алмасу еркін форматта ұйымдастырылып, олардың белсенді қатысуына мүмкіндік берілді.
Кездесуде Эльмира Мырза-Ғали жастарға “Балам, Заңнан аттама” атты жобаны таныстырып, құқықтық сауаттылықтың маңызын атап өтті. Оның айтуынша, әрбір жас заңды құрметтеп, қоғамдағы өз орнын жауапкершілікпен сезінгенде ғана ел болашағы баянды болмақ.
Ал облыстық ҚХА Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Сара Даузова жастарға “Салауатты сана” және “Барыңды бағала” жобаларының мәнін түсіндірді. Ол жастарды өз мүмкіндігін бағалауға, салауатты өмір салтын ұстануға және рухани жаңғыру құндылықтарын бойына сіңіруге шақырды.
Қордай аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Қарлығаш Қанатбекқызы қоғамда жиі кездесетін ысырапшылдық мәселесіне тоқталып, жастарды үнемшілдікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеудің маңызын айтты.
Сонымен қатар, Қордай аудандық полиция бөлімінің ЮПТ аға УПИ полиция майоры Еркебұлан Жамалбеков пен учаскелік инспектор Габиль Гусейнов тұрмыстық зорлық-зомбылық пен жасөспірімдер арасындағы буллинг тақырыптарын қозғады. Полицейлер жастарды адамгершілікке, бір-біріне құрметпен қарауға және зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қарсы тұруға үндеді.
Кездесу соңында Эльмира Мырза-Ғали колледж ұжымына алғысын білдіріп, ел ертеңі саналатын жастарға үлкен үміт артатынын жеткізді.
“Жастардың бойында бірлік, сыйластық және жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру – біздің ортақ міндетіміз. Осындай кездесулер арқылы әр жас өмірден өз орнын тауып, қоғамға пайдалы азамат болып өседі”, – деді, кеңес төрайымы Эльмира Мырза-Ғали.
Жиын аналардың жастарға ақ бата беріп, сәттілік тілеулерімен түйінделді.

Сообщение Аналар кеңесі Қордайлық жастармен кездесті появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России