АУЫЛДЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК ЖҰЛДЫЗДАРЫ: 2025 ЖЫЛҒЫ АУЫЛ ОЛИМПИАДАСЫ
2025 жылғы Қазақстан Республикасының ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша
“АУЫЛ ОЛИМПИАДАСЫ” өтті. Бұл олимпиада ауылдың дарынды балаларын қолдауға бағытталған.
Биылғы олимпиада да ауыл оқушылары осы олимпиадаға зор ынтасын көрсетті. Олимпиаданың I кезеңіне республика бойынша 125 мыңнан астам оқушы тіркелді. Бұл көрсеткіш өткен жылғы көрсеткіштен 26 мыңнан астам оқушыға жоғары болды.
Бұл көрсеткіш қазақ жастарының ғылымға деген құштарлығының өскенін дәлелдейді.
Үш кезеңдік іріктеуден сүрінбей өткен,ең үздік нәтиже көрсеткен 900 - ден астам оқушы республикалық кезеңге жолдама алды.
Олар қоғамдық-гуманитарлық бағытында:
тарих,тілдер,құқық пәндерінен
Жаратылыстану-математикалық бағытынан:
физика,химия,биология,информатика пәндері бойынша білімдерін тексерді.
Бәсекелестікке толы республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша 190...
