Добавить новость
103news.com
World News
Декабрь
2025

Қазақстанда қатты аяз болады: қаңтардағы ауа райы болжамы

0

"Қазгидромет" синоптиктері 2026 жылғы қаңтарға арналған консультативтік ауа райы болжамын жариялады. Мамандар мәліметінше, алдағы қаңтар елімізде климаттық нормаға қарағанда жылырақ болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орташа ауа температурасы республика бойынша әдеттегі көрсеткіштен 1–2 градусқа жоғары болады деп күтіледі. Жауын-шашын мөлшері жалпы ел аумағында норма шамасында болжанғанымен, бірқатар өңірлерде көбірек түсуі мүмкін. Атап айтқанда, Павлодар облысында, Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының солтүстігінде, Ақмола, Қарағанды және Абай облыстарының солтүстік-шығысында жауын-шашын мөлшері жоғары болады. Сондай-ақ Алматы мен Жамбыл облыстарының оңтүстік жартысында, Түркістан облысының оңтүстік-шығысында және Жетісу облысында да жауын-шашын көбейеді.

Ай бойы ауа райы құбылмалы болады. Қаңтарда қар жауып, жел күшейген, боранды, тұманды әрі көктайғақ кезеңдер ашық әрі аязды күндермен алмасып отырады.

Ауа температурасы

Айдың алғашқы онкүндігінде еліміздің батысында түнде ауа температурасы -10…-18 градусқа дейін төмендеп, күндіз -5…-12 градус шамасында болады. Кейін біртіндеп жылыну байқалып, әлсіз оң мәндерге дейін көтеріледі. Солтүстік-батыс, солтүстік және орталық өңірлерде түнгі температура -10…-20-дан -3…-8 градусқа дейін құбылып, күндіз -2…-12-ден -5…+3 градусқа дейін өзгереді. Шығыста түнде -2…-13-тен -10…-18 градусқа дейін, күндіз -6…+2-ден -2…-10 градусқа дейін болады.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда түнгі температура -2…-12-ден -5…+5 градусқа дейін, күндіз -3…+8-ден +5…+10 градусқа дейін көтеріледі. Елдің қиыр оңтүстігінде күндіз +15 градусқа дейін жылынуы мүмкін.

Синоптиктер қаңтардың екінші және үшінші онкүндіктерінде солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және орталық өңірлерде суық ауа массаларының енуіне байланысты күрт аяз күтілетінін ескертеді. Бұл кезеңде түнде ауа температурасы -25…-35 градусқа дейін төмендеп, күндіз -15…-20 градусқа дейін суытады. Ал айдың ең жылы күндерінде ауа температурасы -5…+3 градусқа дейін жетуі мүмкін.

Батыс өңірлерде суық толқындары кезінде түнде -20…-27 градус, күндіз -12…-19 градус аяз болады. Кейбір күндері 0…+5 градусқа дейін жылымық та күтіледі. Ал елдің оңтүстігінде түнгі температура 0…-5-тен -10…-20 градусқа дейін, күндіз +2…+12-ден -3…-13 градусқа дейін ауытқиды. Үшінші онкүндіктің жекелеген күндері түнде -20…-30 градусқа дейін аяз түсуі ықтимал.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России