Маңғыстау облысында жолаушылар мінген автобус аударылып қалған: қаза тапқандар бар
Маңғыстау облысында жолаушылар мінген автобус аударылып, төрт адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға 2026 жылғы 16 қаңтарда сағат 1:03 шамасында KZ-11 "Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау" тасжолының 383-шақырымында болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Yutong маркалы автобустың жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, салдарынан автобус жол жиегіне аударылған. Көлік салонында 48 жолаушы болған.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан 4 адам оқиға орнында қаза тапты. 42 жолаушы түрлі дене жарақаттарын алып, олардың 17-сі ауруханаға жатқызылды, қалғандары амбулаториялық ем алуға жіберілді", - делінген Маңғыстау облысы ПД хабарламасында.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
