Добавить новость
103news.com
World News
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қақаған аяз: бүгін ауа райы қандай болады?

0

Синоптиктер демалыста аяз күшейеді деп болжап отыр. Елдің солтүстігі мен шығысында аяз, ал республиканың батысы мен оңтүстігінде - қалың жауын-шашын, боран және дауыл күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Астана - түнде -29…-31 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Күндіз -18…-20 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Алматы - түнде -16…-18 градус, бұлтты, кей уақыттарда қар, көктайғақ, тұман. Жел солтүстік-шығыстан 2–7 м/с. Күндіз -11…-13 градус, бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман түседі.

Шымкент - түнде -4…-6 градус, көшпелі бұлтты, қар. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Күндіз 0…-2 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кей уақыттарда тұман, көктайғақ.

Абай облысы - түнде -33…-38 градус, облыстың оңтүстік-батысында -28 градус, облыстың солтүстігі мен орталығында қатты аяз -41 градус, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, түнде және таңертең Аягөз ауданында екпіні 15–20 м/с. Күндіз -26…-28 градус, облыстың оңтүстігінде -16 градус, жауын-шашынсыз. Семей - түнде -36…-38 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 2–7 м/с. Күндіз -26…-28 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Ақмола облысы - түнде -26…-31 градус, облыстың солтүстігінде -22 градус, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с, облыстың батысы мен солтүстігінде 15–20 м/с. Күндіз -17…-22 градус, облыстың солтүстігінде -14 градус. Облыстың солтүстік-батысында қар, боран. Көкшетау - түнде -20…-22 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 5–10 м/с. Күндіз -14…-16 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Алматы облысы - түнде -13…-18 градус, облыстың солтүстігі мен орталығында -20…-25 градус, облыстың оңтүстігі мен таулы аудандарында қар. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, облыстың шығысында екпіні 18 м/с-қа дейін. Күндіз -8…-13 градус, облыстың солтүстігі мен орталығында -15…-20 градус. Облыстың оңтүстігі мен таулы аудандарында қар. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Қонаев - түнде -20…-22 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Күндіз -15…-17 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ.

Ақтөбе облысы - түнде -20…-25 градус, облыстың солтүстігі мен шығысында -28 градус, жауын-шашынсыз, облыстың оңтүстігі мен орталығында ұйытқыма қар (боран) болуы мүмкін. Жел батыстан 5–10 м/с, түнде облыстың оңтүстігі мен орталығында екпіні 15–18 м/с. Күндіз -15…-20 градус, жауын-шашынсыз. Ақтөбе - түнде -26…-28 градус, ашық. Жел батыстан 0–5 м/с. Күндіз -17…-19 градус, ашық.

Атырау облысы - түнде -14…-19 градус, шығысында -22 градус, облыстың батысында қар, боран. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында екпіні 15–20 м/с. Күндіз -10…-15 градус, жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Атырау - түнде -17…-19 градус, аз бұлтты, жауын-шашынсыз, көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан 7–12 м/с. Күндіз -12…-14 градус, аз бұлтты, жауын-шашынсыз, көктайғақ.

Шығыс Қазақстан облысы - түнде қатты аяз -35…-40 градус, облыстың оңтүстігінде -30 градус, облыстың солтүстігі мен шығысында өте қатты аяз -45 градус, жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігі мен шығысында тұман. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Күндіз -25…-30 градус, облыстың солтүстігі мен шығысында -34 градус, жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігі мен шығысында тұман. Өскемен - түнде қатты аяз -38…-40 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 1–6 м/с. Күндіз -27…-29 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Жамбыл облысы - түнде -11…-16 градус, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында -19…-24 градус, облыстың батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында қар, боран. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15–20 м/с. Күндіз -6…-11 градус, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында -14…-19 градус, облыстың батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында қар, боран. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Тараз - түнде -13…-15 градус, көшпелі бұлтты, кей уақыттарда қар, тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Күндіз -9…-11 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ.

Жетісу облысы - түнде -23…-28 градус, оңтүстігі мен шығысында -16…-21 градус, жауын-шашынсыз. Облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, облыстың шығысында екпіні 15–20 м/с. Күндіз -8…-13 градус, солтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында -15…-20 градус, жауын-шашынсыз. Таулы аудандарда кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Талдықорған - түнде -25…-27 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 2–7 м/с. Күндіз -15…-17 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Батыс Қазақстан облысы - түнде -17…-22 градус, облыстың солтүстігі мен шығысында -26 градус, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Күндіз -13…-18 градус, облыстың оңтүстігінде -10 градус, жауын-шашынсыз. Орал - түнде -24…-26 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 5–10 м/с. Күндіз -15…-17 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Қарағанды облысы - түнде -25…-30 градус, облыстың оңтүстігінде -20 градус, облыстың батысы мен шығысында -35 градус, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Күндіз -14…-19 градус, облыстың батысы мен шығысында -22 градус, жауын-шашынсыз. Қарағанды - түнде -26…-28 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 2–7 м/с. Күндіз -17…-19 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Қостанай облысы - түнде -25…-30 градус, облыстың солтүстігінде -22 градус, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с. Күндіз -15…-20 градус, облыстың батысында -10 градус, облыстың солтүстігі мен батысында қар. Қостанай - түнде -25…-27 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 5–10 м/с. Күндіз -15…-17 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Қызылорда облысы - түнде -15…-20 градус, облыстың солтүстігінде -23 градус, облыстың оңтүстігінде -12 градус. Облыстың оңтүстігінде аздаған қар, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, облыстың орталығы мен шығысында екпіні 15–20 м/с. Күндіз -10…-15 градус, облыстың оңтүстігінде -7 градус, жауын-шашынсыз. Қызылорда - түнде -15…-17 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Күндіз -7…-9 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Маңғыстау облысы - түнде -2…-7 градус, облыстың солтүстік-шығысында -10…-15 градус, жауын-шашын (негізінен қар), көктайғақ. Облыстың батысы мен оңтүстігінде боран. Облыстың орталығында тұман. Жел шығыстан 9–14 м/с, облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с. Күндіз -2…-7 градус, облыстың солтүстік-шығысында -10…-15 градус, жауын-шашынсыз. Облыстың батысы мен оңтүстігінде боран. Облыстың орталығында тұман. Ақтау - түнде -2…-4 градус, жауын-шашын (негізінен қар), көктайғақ. Жел шығыстан 9–14 м/с. Күндіз -2…-4 градус, бұлтты, жауын-шашынсыз.

Павлодар облысы - түнде -33…-38 градус, облыстың оңтүстігінде -28 градус, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 5–10 м/с. Күндіз -25…-30 градус, облыстың оңтүстігінде -20 градус, жауын-шашынсыз. Павлодар - түнде -34…-36 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 5–10 м/с. Күндіз -25…-27 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Солтүстік Қазақстан облысы - түнде -19…-24 градус, облыстың оңтүстік-батысында -27 градус, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с. Күндіз -12…-17 градус, облыстың оңтүстік-батысында -20 градус, облыстың батысы мен солтүстігінде қар, боран. Петропавл - түнде -21…-23 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с. Күндіз -15…-17 градус, көшпелі бұлтты, қар, ұйытқыма қар.

Түркістан облысы - түнде -3…-8 градус, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында -11…-16 градус, қар, көктайғақ, таулы аудандарда қалың қар. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с, таулы аудандарда 15–20 м/с. Күндіз -3…+2 градус, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында -7…-12 градус, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман. Түркістан - түнде -6…-8 градус, көшпелі бұлтты, қар. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Күндіз -1…-3 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кей уақыттарда тұман, көктайғақ.

Ұлытау облысы - түнде -20…-25 градус, облыстың оңтүстігінде -17 градус, облыстың шығысында -28 градус, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында екпіні 15–20 м/с. Күндіз -14…-19 градус, облыстың оңтүстігінде -11 градус, жауын-шашынсыз. Жезқазған - түнде -20…-22 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Күндіз -14…-16 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России