Добавить новость
103news.com
World News
Январь
2026

Елде 400-ден астам жаңа дәрі-дәрмек өндіріледі

0

Үкімет Қазақстанда 400-ден астам жаңа дәрі-дәрмек өндіру туралы келісімді мақұлдады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Премьер-министр Олжас Бектенов өткізген ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова азаматтардың дәрі-дәрмекке қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Оның айтуынша, ұзақмерзімді демографиялық болжамдары мен еліміздің 10-15 жыл ішіндегі дәрілік заттарға қажеттілігін ескере отырып, инвестициялар тарту тетіктерін жетілдіру бойынша инвесторлармен бірлесіп жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде жаңа құрал – салықтық және кедендік жеңілдіктерді, инфрақұрылымдық қолдауды ғана емес, сонымен қатар өнімді өткізудің ұзақмерзімді кепілдіктерін көздейтін инвестициялар туралы келісімдер енгізілді.

Бүгінде Үкімет отырысында жалпы құны $620 млн немесе 316 млрд теңге болатын 6 инвестициялық жоба мақұлданды.

Бұл, ең алдымен, жалпы Қазақстанның дәрімен қамту ісіндегі дербестігі мәселесі. Алдағы 2-4 жылда елімізде 400-ден астам жаңа дәрілік заттар өндіріледі, — деді Ақмарал Әлназарова.
Соңғы екі жылда фармацевтика саласына тартылған инвестиция көлемі екі есеге – $47 млн-нан $87 млн-ға дейін артқаны атап өтілді. Жаңа жобалар шеңберінде 1 мыңнан астам жұмыс орнын ашу көзделген.

Жалпы, фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде одан әрі жұмыс жүргізіледі. Елімізде фармацевтика саласы үшін мамандар даярлаудың толық жүйесі жұмыс істейді, оның ішінде мемлекеттік қолдау, дуальды білім беруді дамытуға баса назар аударылады.

Сондай-ақ 1 қаңтардан бастап ТМККК және МӘМС шеңберінде дәрі-дәрмектер мен медициналық қызметтерді импорттау және өткізу ҚҚС-тан босатылды. Жалған препараттардың айналымына бақылау мен жауапкершілікті күшейту бойынша түзетулер дайындалды.

Айта кетелік фармкомпаниялар дәрі-дәрмектердің түпнұсқалығын бақылауды күшейтеді.

Сообщение Елде 400-ден астам жаңа дәрі-дәрмек өндіріледі появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России