Дежавю дегеніміз не?
Кейде адамдар бір жағдайды алғаш рет көрсе де, оны бұрын бастан өткергендей немесе түсінде көргендей сезінеді. Мұндай құбылыс ғылымда «дежавю» деп аталады. Бұл термин француз тілінен аударғанда «бұрын болғандай сезім» деген мағына береді.
«Дежавю» ұғымын алғаш рет 1876 жылы француз ғалымы Эмиль Буарак ғылымға енгізген. Ол бұл құбылысты «адам қазіргі сәтті бұрынғы тәжірибемен шатастырып қабылдайтын сана күйі» деп түсіндірген. Яғни мәселе естелікте емес, қабылдауда жатыр. Ал психоанализдің негізін қалаған Зигмунд Фрейд дежавюді «бұрын санадан ығыстырылған ой немесе сезімнің қайта оралуы» ретінде сипаттаған. Зерттеулерге сүйенсек, дежавю көбіне 15–25 жас аралығындағы адамдарда жиі байқалады. Себебі бұл кезеңде ми белсенді жұмыс...
