Депутат шығыс медицинасын тексеруді сұрады
Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай кейінгі кезде шығыс медицинасына алданып қалып жатқандардың қарасы көп екенін жеткізді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға депутаттық сауал жолдады. Депутаттың сөзінше, Астана қаласынан және басқа да өңірлерден «Шығыс медицинасы», «қытай медицинасы», «иглотерапия», «мануалды терапия» атауымен қызмет көрсететін орталықтарға қатысты азаматтардың шағымы түсіп жатыр.
«Шағымдарда лицензиясыз немесе тиісті біліктіліксіз медициналық қызмет көрсету, инвазив рәсімдердің санитария талаптарын сақтамай жүргізілуі, тіркелмеген препараттар қолданылуы, сондай-ақ, ауыр диагноздарды «емдеуге» уәде беріп, халықты жаңылыстыратын жарнама деректері көрсетіледі. Кейбір орталықтар қысқа мерзімге ашылып, атауын немесе мекенжайын өзгертіп, бақылаудан жалтарып жатады. Әсіресе тегі-тамыры белгісіз, өзін білікті дәрігер ретінде жарнамалаған Қытай Халық Республикасының азаматтары төрт-бес ай халықты емдеген болып сеніміне кіріп, артынша емдеу орталығын жауып, «аңқау елге арамза емші» дегендей қалтасын қампайтып алып, кетіп қалатындар да кездеседі», — деді депутат.
Оның пікірінше, бұл жағдайлар науқастардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіріп, денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімді әлсіретеді.
«Негізгі қауіп — науқас қауіпсіздігі: антисанитария, стерильділік стандарттары бұзылуы, медициналық қалдықтарды дұрыс жоймау және инвазив рәсімдерді қауіпсіздік хаттамаларынсыз жүргізу туралы сигналдар жиілеген», — деді ол.
Аманжол Әлтай бұл жағдайға байланысты тексеріс пен бақылауды күшейтуді сұрады.
Сообщение Депутат шығыс медицинасын тексеруді сұрады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.
Moscow.media
103news.com —
международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.
Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).
103news.com — живые новости в прямом эфире!
В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.
Музыкальные новости
Спорт в России и мире
Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России