Добавить новость
103news.com
World News
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Энергетика министрлігі Қарашығанақ ісіне қатысты ақпаратты жариялаудан бас тартты

0

Энергетика министрлігі Қарашығанақ кен орнына қатысты арбитраж дауының барысы мен мән-жайына пікір беруден бас тартты. Бұған дейін бұл сот процесі туралы әлемдік БАҚ жазған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына жауап берген министрлік өкілдері арбитражға қатысты барлық материал, соның ішінде істің нақты мән-жайы туралы деректер құпиялық тәртібі бойынша қорғалатынын мәлімдеді.
Ведомство өнімді бөлу туралы келісім мен тараптар арасындағы арбитраж келісімі процеске қатысқандар үшін міндетті екенін түсіндірді.

"Бұған байланысты министрлік құзыретті тұлға шектеуді алып тастағанға дейін қаралып жатқан іс бойынша ақпаратты ашуға, пікір білдіруге немесе істің мән-жайын қандай да бір түрде талқылауға құқылы емес. Құпиялық режимі өзгермейінше, қосымша ақпарат беру мүмкін емес", – делінген жауапта.

Мән-жай
Бұған дейін Bloomberg агенттігі Қазақстандағы Қарашығанақ кен орнын игеріп отырған ірі мұнай компаниялары халықаралық арбитражда істі ұтылғанын және Қазақстан үкіметіне қомақты өтемақы төлеуге міндеттелуі мүмкін екенін хабарлаған.
Басылым дереккөздерінің айтуынша, арбитраж соты Қазақстан үкіметінің ұстанымын құптаған: кен орнын операторлары (негізінен Eni SpA және Shell Plc бастаған консорциум) бекітілмеген артық шығындарды және өзге де шығыстарды ел бюджеті есебінен түскен қаражат арқылы өтеп келген. Бұл шығындар өнімді бөлу туралы келісім шеңберінде өтелуге жатпайды.
Өтемақының нақты көлемі әзірге анықталған жоқ. Алайда сыртқы заң кеңесшілерінің бағалауынша, ол 2–4 миллиард АҚШ доллары аралығында болуы мүмкін.
2020 жылы "Қарашығанақ" жобасының серіктестері табысты бөлуге қатысты дауды реттеу үшін 1,3 миллиард доллар төлеген. Ал жобаны дамытуға кемінде 31 миллиард доллар инвестиция салған.
Еске салайық, 2025 жылдың аяғында АҚШ "Роснефть" пен "Лукойлға" қатысты санкциялар аясында Каспий құбыр консорциумы, "Теңізшевройл" және Қарашығанақ кен орнын игеру жобасына байланысты операцияларды санкция ықпалынан шығару туралы шешім қабылдаған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России