Алматыда сиреналар қосылады
25 ақпанда сағат 11:00-де Алматыда дабыл сиреналары іске қосылып, теле-радиоарналардың эфирі уақытша үзіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы ТЖД мәліметінше, бұл шара су тасқыны кезеңіне дайындық аясындағы "Көктем-2026" республикалық оқу-жаттығуы шеңберінде халықты құлақтандыру жүйесін тексеру мақсатында өткізіледі. Жаттығу барысында "Баршаңыздың назарыңызға!" сигналы беріліп, сиреналар қосылады. Сондай-ақ тексеру хабарламасын тарату үшін теле және радиоарналарды уақытша тоқтату жүйесі қолданылады.
Дабыл белгісін естіген кезде:
теледидарды немесе радионы қосу;
ресми интернет-ресурстар мен мобильді қосымшаларды тексеру;
берілетін ақпарат пен нұсқаулықтарды мұқият тыңдау қажет.
ТЖД өкілдері "Көктем-2026" оқу-жаттығулары 25–26 ақпан күндері өтетінін хабарлады. Осы уақыт аралығында қала аудандарында өзен арналары мен арық жүйелерін тазалау бойынша алдын алу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі уақытта ықтимал су тасқыны жағдайы бақылауда.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
