Атырауда трансгендерлерге қатысты резонанс тудырған оқиға: мән-жайы айтылды
Министр орынбасарының сөзінше, Атырау облысы бойынша Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өңір тұрғындарының бірінің қасақана АИТВ жұқтырғанын анықтаған.
"Ол күдікті деп танылып, сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр. Міндетті түрде осы қылмыстық құқықбұзушылықтың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыным енгізіледі", – деді Әділов Мәжілістегі брифингте.
Сондай-ақ ол сот шешімімен күдіктінің екі айға қамауға алынғанын қосты. Журналистер іс бойынша бастапқыда айтылғандай бірнеше адам емес, тек бір ғана күдікті бар ма деген сұрақ қойды.
"Тергеу жалғасып жатыр. Біз жедел-тергеу іс-шараларын жүргізіп, қылмысқа қатысы болуы мүмкін өзге де тұлғалардың қатыстылығын анықтап жатырмыз", – деді Санжар Әділов.
Еске салайық, бұған дейін Атырауда қасақана АИТВ жұқтырды деген күдікпен екі адамның заңсыз қызметі тоқтатылғаны хабарланған болатын.
Бұған дейін 23 және 28 жастағы екі адам ұсталғаны айтылған еді. Олар 2025 жылы желтоқсаннан бастап өздерінде АИТВ инфекциясы бар екенін біле тұра, арнайы медициналық есепте тұрғанына қарамастан, транс тұлғалар ретінде ақылы интим қызмет көрсетуін жалғастырған көрінеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
