Бейәдеп сөздердің шығу тарихы және қоғамға әсері
Айналамызда ауызынан ақ ит кіріп, көк ит шығатындар толып жүр. Бірі соны мақтаныш санаса, бірі үшін мәдениетсіздік. Бейәдеп сөздердің шығу тарихы қандай?
Бейәдеп немесе дөрекі сөздер – адамзат тілінде ертеден бері кездесетін құбылыс. Көпшілік мұндай сөздер кейін пайда болды деп ойлағанымен, шын мәнінде олар адамзат қоғамымен бірге қалыптасқан. Әр халықтың тілінде әдепсіз, балағат немесе дөрекі сөздер бар. Лингвистердің пікірінше, мұндай сөздердің пайда болуы адамның эмоциясын білдіруімен, қоғамдағы қарым-қатынаспен және мәдени нормалардың өзгеруімен байланысты.
Ғалымдар бейәдеп сөздердің адамның миымен де байланысты екенін айтады. Ұлыбританиядағы Кил университетінің психологы Ричард Стивенс жүргізген зерттеуде адамдар ауырсынған кезде бейәдеп сөз айтса, ауырсынуды аздап жеңіл...
