Арзан кино абырой әкелмес
Соңғы жылдары отандық кино индустриясының қарқыны таңғалдырады. Статистикаға сүйенсек, прокатқа шығатын қазақстандық фильмдердің саны жыл сайын 30-40%-ға артып келеді. Сан жағынан басқаларды басып озсақ та, сапа тұрғысынан көңіл көншітпейді. Экранға қарап кино көрейін десең, қарның ашады. Қазіргі кинолар ене мен келіннің бітпейтін дауы, белден төмен арзан әзілдер, шетелдегі тайпалардан қашып-тығылу сынды тақырыптарды қозғай беруден жалықпайтын секілді. Әсіресе, кейіпкерлерді сомдаудағы таптаурын әдістер көңіл қалдырады. Байды міндетті түрде орысша шүлдірлетіп, ал кедейді барынша мүсәпір, аянышты ететін режиссерлеріміздің қиялының шектеулігін білдірсе керек.
Ең сорақысы, сапасыз дүние түсіріп, халықтың намысына тию арқылы касса жинау әдісі үдеп барады. Яғни, «халқым, отандық өнімді қолдайық, қазақ киносына...
