Добавить новость
103news.com
World News
Июнь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Қазақстандағы мерекелер күнтізбесін қайта қарау ұсынылды

0

Қазақстанда кәсіби мерекелерге деген көзқарасты қайта қарап, атаулы күндерді жекелеген мемлекеттік органдарға арнау тәжірибесінен бас тарту қажет. Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевқа осындай ұсыныс жолдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Депутаттық сауалында Пономарев кәсіби мерекелер елдің ұлттық байлығын жасаушы азаматтарға көрсетілген қоғамдық құрметтің нышаны болуы тиіс екенін атап өтті.
Алайда, мәжілісменнің айтуынша, бүгінде Қазақстанда 74 кәсіби мереке бар және олардың шамамен 20 пайызы мамандықтарға емес, жекелеген мемлекеттік органдарға арналған.

"Біз еңбек адамын ұлықтағымыз келеді, бірақ соңында ведомствоның құрылған күнін тойлап шығамыз", - деді Сергей Пономарев.

Оның пікірінше, мерекелердің тым көптігінен кәсіби атаулы күндердің мән-мағынасы біртіндеп жоғалып барады. Мысал ретінде ол журналистерді келтірді. Оның айтуынша, мерекенің атауы мен күні жиі өзгеретіндіктен, БАҚ өкілдері оның нақты қай күні аталып өтетінін әрдайым есте сақтай бермейді.
Айта кетейік, Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні жыл сайын 28 маусымда атап өтіледі.
Депутат мерекелердің күнтізбе бойынша біркелкі бөлінбегеніне де ерекше назар аударды.

"Сонымен қатар мерекелердің бөлінуі де өте біркелкі емес: тек қазан айының өзінде 15 мереке бар, бұл іс жүзінде әр екі күн сайын бір мереке деген сөз", - деді Пономарев.

Сондай-ақ мәжілісмен білім беру саласындағы қолданыстағы мерекелер жүйесін сынға алды. Қазіргі уақытта сала қызметкерлері үшін бірден үш күн қарастырылған: Мұғалімдер күні, Жоғары білім беру қызметкерлері күні және Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні.

"Жұрттың бәрі тек Мұғалімдер күнін ғана біледі - бұл нағыз халықтық және кеңінен танымал мереке", - деді ол.

Депутаттың пайымдауынша, сабақтас санаттағы қызметкерлер үшін қосымша күндердің белгіленуі саланың басты кәсіби мерекесінің маңызын төмендетеді.
Осыған байланысты мәжілісмен ведомстволарға емес, мамандықтарға басымдық беретін кәсіби мерекелерді белгілеудің бірыңғай әдістемесін әзірлеуді, қолданыстағы тізбеге ревизия жүргізуді және бір сала аясындағы қайталанатын әрі тар бейінді мерекелерді біріктіруді ұсынды.
Сонымен қатар ол кәсіби мерекелер тізбесін министрдің бұйрығымен емес, Үкімет қаулысымен бекітіп, оны әр екі жыл сайын міндетті түрде қайта қарап отыруды ұсынды. Депутаттың пікірінше, мұндай тәсіл кәсіби мерекелердің бастапқы мәнін қайтаруға және еңбек адамына деген құрметті арттыруға септігін тигізеді.
Бұған дейін Еңбек министрлігі Қазақстанда Конституция күніне орай қосымша демалыс күнін енгізу мәселесі қарастырылуы мүмкін екенін жоққа шығармаған болатын.







Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России