Санжар Ташкенбай қарсыласын ойсырата жеңіп, бокстан әлем кубогының финалына шықты
Төрешілер үш раундта да жеңісті қазақстандыққа берді. Сонымен қатар, шешуші раундта рефери испандық боксшыға нокдаун есептеді.
Кездесу 5:0 есебімен Санжар Тәшкенбайдың пайдасына аяқталды.
Осылайша, қазақстандық боксшы турнирдің финалына шығып, алтын медаль үшін бақ сынайтын болды.
Еске салайық, Санжар Тәшкенбай 48 және 50 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде әлем чемпионы атанған болатын. Қазір ол - World Boxing нұсқасы бойынша қолданыстағы әлем чемпионы.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Санжар Тәшкенбайдың жазбасы (@tashkenbay_sanzhar)
Бұдан бөлек, қазақстандық боксшылар тағы екі жартылай финал жекпе-жек өткізеді. Финалға жолдама алу үшін Аида Әбікеева мен Айбек Оралбай жұдырықтасады.
