Добавить новость
103news.com
World News
Июнь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23
24
25
26
27
28
29
30

Батареяларды не істеу керек? Қазақстандағы электркөлік иелерін күрделі мәселе күтіп тұр

0

Қазақстан жолдарында электрмобильдер саны артып келеді. Бүгінде мұндай көлік иелерін бірінші кезекте жүріс қоры мен қуаттау станциялары толғандырса, бірнеше жылдан кейін басқа мәселе туындауы мүмкін: ресурсы таусылған батареяларды не істеу керек?

Tengri Auto тілшісі еліміздің электрокар аккумуляторларын кәдеге жаратуға дайындығын және олардың қоршаған ортаға қаншалықты қауіпті екенін анықтап көрді.

Электрмобиль батареялары қауіпті ме?

Экология министрлігі істен шыққан аккумуляторлардың құрамында қауіпті компоненттер болуы мүмкін екенін түсіндірді. Сол себепті оларды тұрмыстық қалдықтармен бірге тастауға немесе полигондарда қалдыруға болмайды.

Ведомство мәліметінше, мұндай қалдықтарды дұрыс сақтамау немесе көмбеу салдарынан топырақ пен су қоймаларының ластану қаупі бар.

Бұл ретте барлық батарея бірден қауіпті деп саналмайды. Олардың мәртебесі заңнамамен белгіленетін нақты қалдықтың қасиеттеріне байланысты болады.

Қазақстанда бақылау жүйесі бар ма?

Бүгінгі таңда электрмобиль батареяларын есепке алудың жеке жүйесі жоқ. Оның орнына оларға қалдықтармен жұмыс істеудің жалпы ережелері қолданылады.

Яғни, аккумуляторлар қалдықтардың басқа түрлеріне қолданылатын есепке алу, жинау, тасымалдау және қайта өңдеу процедураларынан өтуі тиіс.

Министрлік сондай-ақ елімізде мемлекеттік қалдықтар кадастры жүргізілетінін, ал қауіпті қалдықтармен жұмыс істейтін компаниялар тиісті рұқсаттар мен лицензиялар алуға міндетті екенін еске салды.

Қызмет ету мерзімі аяқталған соң батареяны қайда өткізуге болады?

Бұл сұрақ әзірге электрмобиль иелерінің көпшілігі үшін ашық қалып отыр.

Министрліктің жауабында Алматыда литий-ионды батареяларды қайта өңдейтін зауыт жұмыс істеп жатқаны айтылған. Оның қуаттылығы жылына 500 тоннаны құрайды.

Қайта өңдеуден кейін батареялардан алюминий, мыс, полимерлер және қайта пайдалануға болатын басқа да материалдар алынады.

Дегенмен, республика бойынша батареяларды қабылдау пункттерінің жеке желісін құру мәселесі әзірге саланың даму бағыттарының бірі ретінде ғана қарастырылып жатыр.

Алдағы уақытта не істеу жоспарланған?

Экология министрлігі электрмобильдер санының артуына байланысты батареяларды кәдеге жарату мәселесі барған сайын өзекті бола түсетінін мойындайды.

Сондықтан болашақта мұндай аккумуляторларды есепке алу мен қадағалаудың қосымша тетіктері, жаңа қабылдау пункттері және қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындарды қолдау шаралары пайда болуы мүмкін.

Бұдан бөлек, қазіргі уақытта литий-ионды батареяларды қайта өңдеу жобаларын қаржыландыруға мүмкіндік беретін өзгерістер қарастырылып жатыр.

Мәселе қашан жаппай сипат алады?

Министрліктің пікірінше, бұл жақын айлардың немесе тіпті жақын жылдың шаруасы емес.

Тарту батареялары ұзақ пайдалануға арналған және көп жылдар бойы қызмет етеді. Сондықтан істен шыққан аккумуляторлардың негізгі ағыны кейінірек - электрмобильдердің алғашқы ірі партиялары жаппай қолданыстан шыға бастағанда пайда болады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында 5 995,0 мың автокөлік құралы тіркелген. Оның ішінде электрмобильдер саны 32 479-ді немесе тіркелген жалпы автокөлік санының шамамен 0,5 пайызын құрайды.

Ведомство нақты мерзімдерді атамады, бірақ мәселе орта мерзімді перспективада өзекті болуы мүмкін екенін атап өтті.

Әзірге Қазақстан мұндай қалдықтар көлемінің болашақтағы өсіміне дайындық кезеңінде тұр.







Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России