Добавить новость
103news.com
World News
Июнь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27
28
29
30

Танымал жеңіл тағамдар деменцияның дамуына ықпал етуі мүмкін: зерттеу

0

Мамандар ми саулығын сақтауда жаңа дағдыларды меңгеріп қана қоймай, дұрыс тамақтанудың да маңызды рөл атқаратынын айтады. Жаңа зерттеу нәтижелері белгілі бір тамақтану әдеті адамның когнитивті қабілетіне байқатпай нұқсан келтіруі мүмкін екенін көрсетті, деп хабарлайды TengriHealth тілшісі HuffPost-қа сілтеме жасап.
Alzheimer's & Dementia: Diagnosis, Assessment & Disease Monitoring журналында жарияланған зерттеу аса өңделген өнімдерді көп тұтыну зейіннің төмендеуіне және ақпаратты өңдеу жылдамдығының баяулауына әкеп соғуы мүмкін екенін анықтады.
Айта кетерлігі, бұл байланыс тіпті өзге уақытта пайдалы тамақтану ережелерін ұстанатын адамдарда да байқалған.
Зерттеушілер когнитивті тестілеуден өткен және тамақтану рационы туралы сауалнама толтырған 2100-ден астам орта және ересек жастағы австралиялықтардың деректерін талдады. Зерттеуге қатысушылар күнделікті калориясының шамамен 41 пайызын аса өңделген өнімдерден алған.
Жас немесе минималды өңделген өнімдерге қарағанда, аса өңделген тағамдарда үйде дайындалған ас мәзірінде кездеспейтін қоспалар, эмульгаторлар, жасанды хош иістендіргіштер мен консерванттар жиі болады.
Ғалымдар аса өңделген өнімдерді тұтынудың әрбір 10 пайызға артуы (бұл күнделікті рационға шамамен бір стандартты қорап чипсі қосумен тең) когнитивті функциялардың айтарлықтай төмендеуіне және деменцияның даму қаупінің артуына әкелетінін анықтады.
Ғалымдардың пайымдауынша, калория, май, қант және ақуыз сияқты санаттардан асып, өнімдерді өндірістік өңдеудің тағам сапасы мен денсаулыққа тигізетін әсеріне де назар аударуымыз керек.Нейропсихологтар аса өңделген өнімдерді тұтыну мен когнитивті функциялардың төмендеуі арасындағы байланыстың, тіпті жалпы дұрыс тамақтанатын адамдарда да сақталуына таңғалды.

"Бұл өнімді өңдеу процесінің өзі қоректік заттардың жетіспеушілігінен де тереңірек зардаптарға әкелуі мүмкін екенін көрсетеді. Сондай-ақ аса өңделген өнімдерді тұтынудың шамалы ғана өсуінің зейін деңгейіне қалай әсер ететіні мені таңғалдырды. Көптеген адам қаптамадағы дайын тағамды анда-санда жеу зиянсыз деп санайды, бірақ бұл нәтижелер мұндай пікірді жоққа шығарады", - дейді нейропсихолог Санам Хафиз.







Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России