Добавить новость
103news.com
World News
Июнь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26
27
28
29
30

Поп-корольдің соңғы сөздері: Майкл Джексонның өмірден өткенге дейінгі соңғы сәттері

0

25 маусымда Майкл Джексонның қайтыс болғанына 17 жыл болды. Поп-музыка королі 2009 жылы 50 жасында Лондондағы концерттер сериясына бірнеше апта қалғанда көз жұмды.
RadarOnline басылымы әртістің соңғы дайындығынан бастап жедел жәрдем шақырылғанға дейінгі соңғы сағаттарының егжей-тегжейлі хроникасын жариялады, - деп хабарлайды Tengri Life.
Соңғы дайындық
Өмірінің соңғы апталарында Джексон This Is It турына дайындалды. Ол Лондондағы O2 аренасында 50 концерт беруі керек еді. Дайындықтар Лос-Анджелестегі Staples Center орталығында өтті.
Оның командасындағы адамдардың айтуынша, сырттай қарағанда әртіс жинақы әрі жігерлі көрінген. Вокал жөніндегі директор Дориан Холли Джексонның "жарқырап" жүргенін және шоудың қалай дайындалып жатқанына дән риза болғанын еске алды.

"Ол сахнаға 20-дан енді асқан бишілермен бірге шығатын, бірақ одан көз алу мүмкін емес еді. Ол бәрін бұрынғыша жасай алатын. Жалғыз айырмашылығы - кейде ол дайындықтан соң денесінің ауыратынын айтатын", - дейді Холли.

2009 жылдың 24 маусымы - әншінің соңғы күні. Кешкі дайындықтарға байланысты ол әдеттегіден кеш оянып, содан соң балалары Пэрис, Принс және Бланкетке түсті. Кейінірек бұл олардың бірге ішкен соңғы асы екені белгілі болды.
Жеке аспазы Кай Чейз ол үшін жеңіл түскі ас: қуырылған тунец, органикалық салат және сәбіз-апельсин шырынын дайындаған. Оның айтуынша, Джексон көтеріңкі көңіл-күйде болған.

"Ол жымиып, қолын жинап дұға етті де: "Рақмет, Алла жар болсын" деді", - деп еске алады Чейз.

Майкл Джексон қалай қайтыс болды?
Кешкісін Джексон дайындыққа аттанды. Оның қасында оққағары мен жеке көмекшісі болды. Staples Center-де әртісті логистика жөніндегі директор қарсы алып, грим бөлмесіне апарды.
Сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін Джексон командасымен бірге визуалды қойылым мен жарықты пысықтады. Содан кейін нөмірлерді, соның ішінде Billie Jean, Smooth Criminal және She's Out of My Life әндерін репетициялау басталды.
Сахнаға үлкен экран орнатылып, әншіге алғаш рет кейбір әндеріне арналған видеосүйемелдеу көрсетілді.
Дайындықты Grammy телетрансляциясының көпжылдық атқарушы продюсері Кен Эрлих бақылап отырды. Ол Джексонның "өте жақсы бапта" болғанын және алдағы турға үлкен құлшыныспен дайындалғанын айтты.

"Ол шаршаған немесе ойы шашыраңқы адамдай әсер қалдырмады", - деп еске алады Эрлих.

Түн ортасына таман дайындық Earth Song әнімен аяқталды. Джексон бишілерді құшақтап, командасына алғыс айтып, бәріне қайырлы түн тіледі.
Үйіне бара жатқан жолда ол өзін күтіп тұрған жанкүйерлеріне тоқтап, олармен амандасып, қолтаңба берді.
Майкл Джексонның соңғы сөздері
Үйде Джексонды жеке дәрігері Конрад Мюррей күтіп алған. Полиция материалдарына сәйкес, дәрігер кейінірек әртістің әдетте медициналық жағдайда қолданылатын күшті анестетик - пропофолға тәуелділігіне алаңдағанын алға тартқан. Мюррей тергеушілерге Джексонды бұл препараттан арылтуға тырысқанын айтқан.
Сол түні әнші ұйықтай алмады. Сағат 3:00-де дәрігер оған седативті дәрі береді. Кейінірек тағы біреуін берген. Алайда Джексон бәрібір көз ілмейді.
Мюррейдің айтуынша, сағат 5:00 шамасында әртіс концерттер алдында ұйықтап алуы керек екенін, бірақ дәрі-дәрмектер көмектеспей жатқанын айтып шағымданған.
Сағат 7:00-ге дейін жағдай өзгермеді. Дәрігер басқа құралды қолданып көрді, бірақ одан да нәтиже болмады.
Сағат 10:00 шамасында Джексон, Мюррейдің сөзінше, түсі ақ болғандықтан өзі "сүт" деп атаған пропофолды сұрай бастаған.

"Өтінемін, өтінемін, ұйықтап кетуім үшін маған аздап сүт берші. Маған тек сол көмектесетінін білемін", - басылым мәліметінше, поп-корольдің соңғы сөзі осы болған.

Сағат 10:30-да дәрігер оған пропофолдың сұйытылған дозасын еккен. Осыдан кейін Джексон ұйықтап кетті. Мюррейдің өз айтуынша, ол әжетханаға қысқа уақытқа шығып кеткен. Қайтып келгенде, әнші дем алмай жатқан.
Дәрігер жүрек-өкпе реанимациясын бастайды. Бөлмеге Джексонның балалары Принс пен Пэрис кіріп келеді. RadarOnline мәліметінше, олар әкесін құтқару әрекеттерін көріп, жылап жіберген.
Кейінірек 911 қызметіне қоңырау шалынды. Сағат 12:27-де парамедиктер жетті. Джексонның тынысы тоқтап, тамыры соқпай тұрған. Дәрігерлер реанимацияны жалғастырып, оны Ronald Reagan UCLA медициналық орталығына жеткізді.
Сағат 14:25-те Майкл Джексонның өлімі ресми түрде тіркелді.
2011 жылы Конрад Мюррей абайсызда кісі өлтіргені үшін кінәлі деп танылды. Ол төрт жылға бас бостандығынан айырылды, бірақ түрмеде екі жылдан аз уақыт отырды.







Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России