Добавить новость
103news.com
World News
Июнь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27
28
29
30

АҚШ пен Иран бір-біріне шабуыл жасады

0

АҚШ Қарулы Күштерінің Орталық қолбасшылығы 26 маусым кешке "кеше Ормуз бұғазы арқылы өткен сауда кемесіне жасалған шабуылға батыл жауап ретінде" Иранға соққы жасалғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"25 маусымда Иран Ever Lovely кемесіне камикадзе-дронмен шабуыл жасаған соң, Америка авиациясы Иранның зымыран және ұшқышсыз ұшу аппараттары қоймаларына, сондай-ақ, жағалаудағы радиолокациялық бекеттерге соққы жасады. Сингапур туы ілінген жүк кемесі Иран шабуылы кезінде Оман жағалауын бойлай Ормуз бұғазынан шығып бара жатқан", — делінген ведомствоның X әлеуметтік желісіндегі жазбасында.

АҚШ әскерилері "ирандық күштердің негізсіз агрессиясы оқ атуды тоқтату режимін анық бұзып отырғанын" атап өтті. Сонымен қатар, Иранның бұл әрекеті "осы өмірлік маңызды халықаралық сауда дәлізі арқылы жүк тасымалы артып жатқан тұста кеме қатынасы еркіндігіне нұқсан келтіреді".
Axios порталы америкалық жоғары лауазымды өкілге сілтеме жасап, АҚШ президент Дональд Трамптың Иранды оқ атуды тоқтату режимін бұзды деп айыптауынан кейін Ормуз бұғазындағы ирандық нысандарға соққы бергенін хабарлады.
PBS News телекомпаниясының журналисі Ник Шифрин жұмада Х әлеуметтік желісінде АҚШ Әскери-әуе күштерінің алты ұшағы Ирандағы төрт нысанаға соққы бергенін хабарлады. Оның мәліметінше, соққылар атап айтқанда Иранның Сирик елді мекеніндегі радар қондырғылары мен зымыран және дрон қоймаларына жасалған.
Сонымен қатар, Иран әскерилері Таяу Шығыстағы АҚШ Қарулы Күштері орналасқан бірнеше нысанға қарымта соққы берді. Бұл туралы Reuters ирандық БАҚ-қа сілтеме жасап мәлімдеді.

"Иранның мемлекеттік БАҚ-тары Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) аймақтағы Америка армиясы шоғырланған бірнеше орынға соққы беру туралы мәлімдемесін таратты", — деп жазады агенттік.

Бұған дейін ИРСК АҚШ-тың кейінгі соққысына тез арада және батыл жауап қайтаруға уәде берген болатын. Өз кезегінде АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Тегеранға Вашингтонның күш қолдануға күшпен жауап беретінін ескертті.
CNN телеарнасының мәліметінше, 25 маусымда Иран Ормуз бұғазы арқылы өтіп бара жатқан кемеге соққы жасаған. Телеарна дереккөзі кемеге ирандық ұшқышсыз ұшу аппараты шабуыл жасағанын атап өтті.
Тегеран бұл шабуыл үшін жауапкершілікті ресми түрде өз мойнына алған жоқ. Соққы ИРСК "қауіпсіз өту тек Иран бекіткен бағыттармен жүретін кемелерге қамтамасыз етіледі" деп мәлімдегеннен кейін бірнеше сағат өткен соң жасалған.
Бұл АҚШ пен Иран 18 маусымда барлық майданда әскери қимылдарды 60 күнге тоқтату және соғысты толық тоқтату туралы келіссөздерді бастауды көздейтін келісімге қол қойғаннан бергі Ормуз бұғазындағы кемеге жасалған алғашқы белгілі шабуыл.







Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России