Добавить новость
103news.com
World News
Июль
2026
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Мексикалық вундеркинд Әлем чемпионатында Пеленің рекордын қайталады

0
17 жастағы мексикалық Гилберто Мора футболдан Әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде дебют жасаған өз елінің ең жас ойыншысы атанды. Турнирдің шешуші кезеңінде мұндай ерте жаста бұған дейін аңызға айналған бразилиялық Пеле ғана өнер көрсеткен, деп хабарлайды Tengri Sport.
"Тихуана" клубының жас мексикалық ойыншысы 1/16 финалдағы Эквадорға қарсы ойынға негізгі құрамда шығып, алаңда 58 минут өткізді. Матч басталған сәтте оған 17 жас 259 күн болған еді.
Бұған дейін Әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде 18 жасқа толмай ойнаған тек Пеле болатын. Мундиалдың жалғыз үш дүркін жеңімпазы 1958 жылы Уэльске қарсы 1/4 финалдық кездесуде жеңіс голын соққан еді.
Плей-оффтағы дебюті кезінде оған 17 жас 241 күн болған.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Pelé (@pele) жарияланымы


Әлем чемпионатының шешуші кезеңінде бақ сынаған ең жас үшінші ойыншы испаниялық Гави. Кейінгі әлем біріншілігінде оған 18 жас 123 күн болған.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

GAVI (@pablogavi) жарияланымы


Гилберто Мора деген кім?
Мексикалық Гилберто Мора футбол жанкүйерлеріне бірнеше жылдан бері таныс. Ол 2025 жылы 16 жасында 20 жасқа дейінгі Әлем чемпионатында испаниялықтардың қақпасына гол соғып, командасының топтан шығуына көмектесті.Қазіргі уақытта мексикалық футбол мектебінің түлегі 17 жасқа дейінгі әлемдегі ең қымбат 10 ойыншы қатарына кіреді, Transfermarkt порталы оның құнын 10 миллион еуроға бағалап отыр.
Салыстырмалы түрде айтсақ, осы рейтингте қазақстандық Дастан Сәтпаев та бар, ол 3,5 миллион еуро құнымен 26-шы орында тұр.
Айта кетейік, Мора 15 жасынан бастап "Тихуананың" негізгі құрамында ойнайды және БАҚ мәліметтеріне сүйенсек, осы маусымда Еуропаға ауысуы мүмкін.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Gilberto Mora (@gil_morita) жарияланымы


Мексика құрамасы 40 жылдан бері алғаш рет плей-оффтың бірінші раундынан өтті2026 жылғы ӘЧ 1/16 финалында мексикалықтар Эквадор командасын 2:0 есебімен жеңіп, 1/8 финалға жолдама алды. Команда кейінгі рет плей-оффтың алғашқы сатысынан 1986 жылы өз елінде болған турнирде өткен еді, сол кезде олар 1/8 финалда Болгарияны жарыс жолынан шығарған еді.
Биыл ширек финалға шығу жолында олар Англия/Конго ДР жұбының жеңімпазымен кездеседі.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Mexican National Team (@miseleccionmx_en) жарияланымы


Былтыр "Барселона" мен Испания құрамасының шабуылшысы Ламин Ямаль соңғы 67 жылда Франция құрамасының қақпасына гол соғу бойынша Пеленің жетістігін қайталай алған алғашқы ойыншы атанған еді.
Ал Килиан Мбаппе Швеция құрамасының қақпасына дубль жасап, Франция құрамасына Әлем чемпионатындағы бірегей рекорд сыйлады.






Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России