Добавить новость
103news.com
World News
Июль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

“Канелоны көздеп отыр“: Әлімханұлы белбеуден бас тартып, салмағын өзгертті

0
Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) орта салмақтағы Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) әлем чемпионы белбеуін босатты. Бұл туралы WBO президенті Густаво Оливьери мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Sport The Ring басылымына сілтеме жасап.
Оливьеридің айтуынша, Әлімханұлы екінші орта салмаққа ауысады, ал оның титулы Ұлыбритания өкілі, уақытша чемпион Дензел Бентлиге (22-3-1, 18 КО) беріледі.

"Жәнібек Әлімханұлы маған салмақ дәрежесін көтеретінін хабарлады. Енді ол екінші орта дивизионда өнер көрсетеді, ал Дензел Бентли толыққанды чемпион мәртебесіне дейін көтерілді", - деді Оливьери The Ring басылымына берген сұхбатында.

Жақын арада WBO Бентлиге міндетті үміткерді тағайындайды. Бұл орынға кубалық Йонли Эрнандес (10-0, 9 КО) басты үміткер болуы мүмкін.
Сонымен қатар ұйым британиялық боксшының бірден міндетті қорғау жекпе-жегін өткізуі тиіс пе, әлде келесі қарсыласын өз бетінше таңдауға құқылы ма деген мәселені әлі нақтылаған жоқ.
Әлімханұлы чемпиондық белбеуден неге бас тартты?
Еске сала кетейік, Әлімханұлы орта салмақта IBF және WBO нұсқалары бойынша чемпиондық белбеулерге иелік еткен болатын. 2025 жылдың соңында қазақстандық боксшы WBA чемпионы - кубалық Эрисланди Ларамен біріктіруші жекпе-жек өткізуі тиіс еді. Алайда Әлімханұлының допинг-сынамасы оң нәтиже көрсетіп, кездесу өтпей қалды.
Кейіннен IBF қазақстандықты титулынан айырып, 2026 жылдың желтоқсанына дейін шеттетті. WBO да өз кезегінде боксшыға бір жылдық дисквалификация жариялады, бірақ оның чемпиондық белбеуін сақтап қалған еді. Енді Әлімханұлының өзі титулдан бас тартып, салмақ дәрежесін ауыстыруды ұйғарды.
Қазақстанның Кәсіпқой бокс федерациясының басшысы Рақымжан Ерденбековтің пікірінше, мұндай шешім Әлімханұлының ауқымдырақ жекпе-жекке шығуға деген ниетін білдіруі мүмкін.

"Менің ойымша, оның көздегені Канело. Бұл - менің жеке пікірім. Онымен әлі сөйлескен жоқпын. Бірақ бұл командалық шешім болды деп ойлаймын", - деді Ерденбеков Tengri Sport-қа берген сұхбатында.

Айта кетейік, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы мексикалық әлем чемпионы Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жек оның басты мақсаты екенін айтқан болатын. Ал мексикалық боксшы кейінгі кездесулерін 76,2 келіге дейінгі салмақта өткізіп жүр - бұл қазақстандықтың салмағынан небәрі бес келіге ғана ауыр.
Әлімханұлы титулдан бас тартқаны туралы ресми мәлімдеме жасаған жоқ
Жәнібектің өзі Оливьеридің сұхбатымен бір уақытта мәлімдеме жариялады, бірақ белбеуден бас тарту себептерін атап өтпеді. Қазақстандық боксшының айтуынша, оның мансабында жаңа белес басталмақ.

"Өткен іс өтті. Өткенмен өмір сүрмеймін. Менің бокс жолым бұрынғыдан да қызықты бола түспек. Жаңалық күтіңіздер", - деп жазды ол X желісінде.


The past is the past. I don’t live in it. My boxing story is about to get even more exciting than ever. Stay tuned. pic.twitter.com/HRiLMcG6yn
— Janibek Alimkhanuly (@qazaqstyle) 20 шілде, 2026 жыл
Жәнібек Әлімханұлы допинг дауынан кейін өтетін жекпе-жегі туралы пікір білдірді






Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России