Добавить новость
103news.com
World News
Июль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Канье Уэст “Қайратқа“ қарсы: Алматыда стадион мен концерт мәселесі әлі шешілген жоқ

0
Рэпер Канье Уэст Қазақстанға келіп, Алматыдағы стадионда концерт береді. Сонымен қатар, "Қайрат" ФК жоспарланған матчтерге байланысты жұлдыздың іс-шарасына қарсылық білдірді. Tengri Sport тілшісі "Орталықта" кімнің ән айтып, кімнің доп тебетінін анықтауға тырысты.
Бұған дейін америкалық рэпер Канье Уэсттің 2026 жылдың 14 тамызында Алматыда өнер көрсетуді жоспарлап отырғаны хабарланды.
Ақпарат алдымен артистің фан-парақшаларының бірінде пайда болды, онда билеттер сатылымы 20 шілдеде басталуы тиіс екені де хабарланған.Кейінірек концерт туралы мәліметті Алматы әкімдігі растады. Сонымен қатар осындай анонсты өз парақшасында кәсіпкер, Karre Ventures және ML1 Records негізін қалаушы Джозеф Карре де жариялады.
Бұдан соң артист турларының сайтында Қазақстан концерттер кестесіне енді.
Фото: tour.yeezy.com
"Қайрат" Каньенің концертін өткізуге қарсы
Ресми мәлімдемесінде "Қайрат" концерт туралы ақпараттың жария кеңістікте клубпен алдын ала келісілмей пайда болғанын хабарлады.

"Қайрат" ФК іс-шараның белгіленген күні Орталық стадионда үй матчтерін өткізетін және еурокубок турнирлеріне қатысуын жалғастырып жатқан клубпен келісілмегенін ресми түрде мәлімдейді", - делінген хабарламада.

Клуб тамыз айында команданың Орталық стадионда бірнеше маңызды матч өткізуі тиіс екенін еске салды.

"Қазақстан Премьер-лигасының күнтізбесіне сәйкес, 8 және 15 тамызда "Қайрат" ФК Орталық стадионда Қазақстан чемпионатының өз алаңындағы матчтарын өткізуі тиіс. Бұдан бөлек, 11-13 тамыз аралығында стадионда клубтың еурокубок аясындағы үй матчі өтуі мүмкін", - делінген мәлімдемеде.

"Қайрат" ЧЛ матчтерін Орталық стадионда өткізуі мүмкін
Еске сала кетейік, 20 шілдеде Чемпиондар лигасының 2026/27 маусымындағы үшінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды. Алматылық "Қайратқа" қарсылас ретінде кипрлік "Омония" түсті, олармен матч 22 шілдеде (Никосияда) және 29 шілдеде (Алматыда) өтеді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

"Қайрат" ФК | FC Kairat Almaty (@f.c.kairat) жарияланымы


Кипрліктерді жеңген жағдайда, "Қайрат" "Левски" (Болгария) - "Университатя" (Румыния) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Осы командалардың бірімен өтетін үй матчі Канье Уэстің Алматыдағы концертінің күнімен тұспа-тұс келіп тұр. Орталық стадиондағы ықтимал матч 12 тамызға, ал сырт алаңдағы ойын 5 тамызға жоспарланған.
Яғни, "Қайраттың" ықтимал матчі 12 тамызда, ал Каньенің концерті 14 тамызда өтеді.
Скриншот: uefa.com
Канье үшін алаң мәселесі қалай шешілмек? Мұндай деңгейдегі артистің өнері мұқият дайындықты қажет ететіні жасырын емес.
Орындаушының концерті үшін ұйымдастырушылар аренаның ортасында жер шарын бейнелейтін сфералық құрылым тұрғызады. Бұл конструкция дәстүрлі түрде рэпердің сахнасы ретінде қызмет етеді.
Оны екі күн ішінде тиісті деңгейде жинап үлгере ме? Сұрақ ашық күйінде қалып отыр. Қалай болғанда да, "Қайраттың" "Омониямен" өтетін матчтінің нәтижесінен кейін ұйымдастырушылар да, клуб та өз жоспарларын нақтылауы тиіс.
Фото: видеодан алынған кадр
Джей Ло және Алматы
Айта кетейік, Алматының Орталық стадионында ірі концерт өткізу мәселесі алғаш рет туындап отырған жоқ.
Өткен жылдың мамыр айында Дженнифер Лопестің Up All Night әлемдік туры аясындағы концерті жарияланғаннан кейін де "Қайрат" ФК ресми мәлімдеме жасаған болатын.
Сол кезде клуб концерттің өтетін күні - 10 тамыз мақұлданбағанын, себебі бұл кезеңге Қазақстан чемпионатының үй матчі мен еурокубок ойындары жоспарланып қойғанын хабарлаған болатын.
Фото ©️ Tengrinews.kz
Кейін концерт ұйымдастырушылары, "Қайрат" басшылығы және Алматының спорттық ғимараттар дирекциясы ортақ мәмілеге келді. Премьер-лиганың "Қайрат" - "Жеңіс" матчы 21 қыркүйекке ауыстырылып, Дженнифер Лопестің концертінің бастапқы күні — 10 тамыз сақталып қалды.
"Қайрат" Канье Уэст концертін Алматының Орталық стадионында өткізу идеясын қолдамады






Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России