Добавить новость
103news.com
World News
Июль
2026

Лионель Месси мансабын аяқтау туралы шешім қабылдады - инсайдер

0
Аргентина құрамасының танымал шабуылшысы Лионель Месси ұлттық командадағы мансабын аяқтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Tengri Sport журналист Эрнан Кастильоға сілтеме жасап.
Белгілі журналист Эрнан Кастильо әлеуметтік желідегі парақшасында аргентиналық футбол аңызы Лионель Месси 2026 жылғы Әлем чемпионатының Испанияға қарсы финалдық ойынынан кейін құрамадағы мансабын аяқтауға бел буғанын хабарлады.
Дереккөз мәліметінше, Месси киім ауыстыратын бөлмеде барлық ойыншының басын қосып, бұл матч Аргентина құрамасы сапындағы соңғы ойыны болғанын айтқан.

Бұл жігерлендіретін сөздер киім ауыстыратын бөлмеде айтылды. Кешегі бөлме ішіндегі сәт тіпті әсерлі болды, өйткені ол бұл өзінің соңғы матчы екенін де айтты. Мәселе мынада, басқа әңгіме дәлізде болған. Өткен матчтардағыдай ол дәлізде ештеңе демеген еді. https://t.co/20OuLRtqU5
— Hernán Castillo (@HernanSCastillo) 20 шілде, 2026 жыл

Месси чемпиондыққа қол жеткізудің соңғы мүмкіндігін жіберіп алды
Еске сала кетейік, 2026 жылғы Әлем чемпионатының алтын жүлдесі сарапқа салынған матч 20 шілдеге қараған түні Ист-Ратерфордтағы (Нью-Джерси штаты, АҚШ) "Метлайф" стадионында өтті.
Кездесу өте тартысты болды. Негізгі уақытта қос команда да есеп аша алмады, алайда жартылай қорғаушы Энцо Фернандестің алаңнан қуылғаны аргентиналықтарды азшылықта қалдырды.
Экстра-таймдарда бәрі өзгерді. Алдымен испандықтар 97-минутта шабуылды голмен аяқтағанымен, төреші шабуыл кезіндегі ережебұзушылыққа байланысты голды есептемеді.
Біраз уақыттан кейін олар жетістікті қайталады, 106-минутта Ферран Торрес ережеге сай аргентиналықтардың қақпасына доп соғып, өз командасын алға шығарды.
Бұл гол мундиаль финалындағы алғашқы әрі соңғы гол болды. Матч нәтижесі - 1:0 есебімен Испания құрамасы жеңіске жетті.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Selección Española Masculina de Fútbol (@sefutbol) жарияланымы


Кездесу аяқталған соң Аргентина құрамасы алаңда ұзақ уақыт қалды. Бір сәтте Лионель Месси эмоциясын жасыра алмай, жылап жіберді.

???????? Қандай тебіреністі сәт! ????????• Аңыз Лионель Месси өзінің Әлем чемпионатындағы соңғы матчындағы жеңілістен кейін көз жасына ерік берді. ❌ pic.twitter.com/EjkVJq29Mb
— Tiger eye ????️ (@Tigereye_ball) 19 шілде, 2026 жыл
Матчтен кейін Месси әлеуметтік желідегі парақшасында жанкүйерлерге үндеу жасады. Ол өз еліне және жанкүйерлеріне қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, Испания құрамасын Әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Leo Messi (@leomessi) жарияланымы


Мадридтегі той: миллиондаған жанкүйер Испанияның футболдан ӘЧ-дегі жеңісін атап өтті






Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России