Добавить новость
103news.com
World News
Июль
2026

ЖСН, мекенжайлар мен телефондар: 16 миллион қазақстандықтың жеке деректері Darknet-те сатылған болуы мүмкін

0

16 миллион қазақстандықтың деректері интернеттің "қара сегментінде" – Darknet-те сатылған болуы мүмкін. Бұл нұсқаны жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мүсәлиев миллиондаған азаматтың дербес деректері бар базаның коллекторлық агенттік қызметкерлерінің қолына қалай түскені туралы сұраққа жауап бере отырып айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Деректер қалай тарап кетуі мүмкін?
Досжан Мүсәлиевтің айтуынша, 16 миллион азаматты қамтитын ауқымды база жылдар бойы жинақталып, "сыртқа шығып" кетуі мүмкін. Ал коллекторлар, болжамдардың біріне сәйкес, оны Darknet-тен сатып алуы ықтимал.

"Менің пайымдауымша, бұл 16 миллион жазба жылдар, тіпті ондаған жылдар бойы жинақталған. Сірә, даркнетте сатылатын бірыңғай база бар болуы керек және олар ақпаратты содан алған болуы мүмкін. Бірақ бұл тек болжам ғана", – деп түсіндірді Мүсәлиев.

Коллекторларда барлық дерлік қазақстандықтың деректері болған
Осы жылдың маусым айында Жетісу облысында 16 миллионға жуық қазақстандықтың дербес деректері бар база тәркіленді. Тергеу мәліметтері бойынша, коллекторлық агенттік қызметкерлері миллиондаған азаматтың мәліметтерін заңсыз пайдаланған. Олардың ЖСН, телефон нөмірлері мен мекенжайларға қолжетімділігі болған.
Істі тергеумен полиция, прокуратура және ҰҚК айналысып жатыр.
Деректер бұған дейін де тараған
2025 жылдың жазында желіде 16 миллион қазақстандықтың дербес деректері пайда болды. Ол кезде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі деректердің тарап кетуіне жүйені бұзу емес, деректер базасына "заңды қолжетімділікті заңсыз пайдалану" себеп болуы мүмкін екенін хабарлаған болатын. Тексеру көрсеткендей, ақпараттың басым бөлігі 2022 жылы ұрланған.
Кейінірек, биыл сәуір айында Қазақстанда азаматтардың дербес деректерін заңсыз жинау және сату бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқаны белгілі болды.







Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России