Добавить новость
103news.com
World News
Июль
2026

Қазақстандықтарға ұялы байланыс операторларының автоқоңырау қызметінен бас тартуға рұқсат беріледі

0

Қазақстанда байланыс операторлары үшін жаңа ереже енгізіледі. Бұдан былай қазақстандықтар мазаны алатын жарнамалық хабарламалар мен автоқоңыраудан бас тарта алады. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Досжан Мүсәлиев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Функция қашан іске қосылады?
Досжан Мүсәлиевтің айтуынша, бұл мәселені реттейтін заң тамыздың соңында күшіне енеді.
Қазіргі уақытта заңға тәуелді актілер әзірленіп жатыр. Мәселен, маусымда байланыс операторларының жарнамалық хабарламалары мен автоқоңыраудан бас тарту функциясының жұмыс істеу тәртібін айқындайтын норма қабылданды.

"Бұл мәселені халық жиі көтерді. Мысалы, біреуге қоңырау шалып, ол абонент желіге қосылған кезде, оператор хабарласқан адамға "маяк" арқылы ақпарат беретін. Мұндай қоңырау түнде де болуы мүмкін еді. Енді бұлай болмайды. Оның орнына тек хабарлама жіберіледі", – деді ол.

Анықтама: Автоқоңырау – желі бос болмағанда немесе байланыс орнатылмаған жағдайда абонентке қайта қоңырау шалу әрекетін автоматты түрде қайталайтын функция. Жүйе байланыс орнатылғанша белгілі бір уақыт аралығында нөмірді қайта-қайта тереді.
Қазақстанда автоқоңырауларға тыйым салу туралы 2026 жылдың мамырында айтыла бастады. Сол кезде Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мұндай қоңыраулар қазақстандықтар үшін баяғыдан проблемаға айналғанын айтып, депутаттар оған тыйым салуды бұрын да ұсынғанын еске салды. Бұған жауап ретінде цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев бұл ұсыныс қаралатынын хабарлады.
Тағы қандай проблемалар бар?
Бөтен нөмірлерден келетін қоңыраулар тақырыбы телефон алаяқтығының белең алуына байланысты жиі көтеріліп тұрады.
Бұған дейін Tengrinews.kz адамға алдымен "сіздің несиеңіз мақұлданды" деген хабарламамен қоңырау шалып, кейін өздерін ІІМ қызметкерлері ретінде таныстырған алаяқтар байланысқа шығып, ақша аударуға көндіретін схема туралы жазған болатын.
2023 жылдың өзінде байланыс операторлары жалған нөмірлерден жасалған 43,5 миллион халықаралық қоңырауды бұғаттады.







Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России