Аңызға айналған бапкер Әлем чемпионатында сәтсіздікке ұшыраған команданы жаттықтырады
Келісімшарттың егжей-тегжейі нақтыланбаған, бірақ инсайдерлердің мәліметінше, Клопп кем дегенде 2030 жылға дейін жұмыс істейді.
"Юрген Клопп Германия құрамасының жаңа бас жаттықтырушысы болды.Оның штабына көмекшілер Петер Кравиц, Пепейн Лейндерс және Свен Бендер қосылады", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Германия құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатында сәтсіздікке ұшырады
Еске сала кетейік, АҚШ, Мексика және Канадада өткен футболдан әлем чемпионатына немістер басты фавориттердің бірі ретінде барған болатын.
Олар турнирді Кюрасао құрамасын ірі есеппен (7:1) жеңіп бастағанымен, кейін Кот-д’Ивуарды әрең ұтып, шешуші кездесуде Эквадордан жеңіліп қалды.
1/16 финалда оларға Парагвай командасы қарсы келіп, Германия құрамасы пенальти сериясында есе жіберді.
Осы сәтсіздіктен бірнеше күн өткен соң Юлиан Нагельсманның командадан кететіні жарияланды. Осыдан кейін бірден БАҚ беттерінде Клопптың жаттықтырушы болып тағайындалуы туралы ақпарат тарала бастады.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
DFB-Team (@dfb_team) жарияланымы
Юрген Клопп - жұлдызды жаттықтырушы
Айта кетейік, 59 жастағы Юрген Клопп "Ливерпульмен" бірге Англия чемпионатын және Чемпиондар лигасын, сондай-ақ "Боруссиямен" екі рет Германия чемпионатын жеңіп алған.
Бұл жетістіктердің маңызы сонда - оның басқарған клубтары ешқашан лигадағы ең бай командалар қатарында болмаған, ал жеңістерге ойыншылардың жеке шеберлігінен бұрын, сауатты командалық іс-қимылдың арқасында қол жеткізілген.
Нәтижелермен қоса, Клопптың бойындағы ерекше харизмасы бүкіл әлемдегі миллиондаған жанкүйердің жүрегін жаулауға көмектесті. Жанкүйерлер арасында тіпті "Клопп қандай керемет!" деген мәтелге бергісіз мем қалыптасқан.
2023/2024 жылғы маусымның соңында ол жаттықтырушылық мансабында үзіліс жариялап, кейін "Ред Булл" жүйесінде халықаралық байланыстар жөніндегі директор болып қызмет атқарды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
433 (@433) жарияланымы
